Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет49/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76

6. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      42.6-сынып оқушылары:


      1) тірі организмдердің жалпы ортақ белгілерін;
      2) өсімдік жасушасының құрылысын;
      3) өсімдіктер бірлестіктеріне адам әрекетінің әсерін;
      4) өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметін;
      5) өсімдік жасушасының бөлінуін;
      6) өсімдіктегі заттардың қозғалысын,тыныс алуын;
      7) өсімдік организмінің көбеюін, өсуін және дамуын;
      8) өсімдіктердің тіршілік ортасын;
      9) табиғи бірлестіктерді;
      10) өсімдіктердің бірлестіктегі тіршілікке бейімділігін;
      11) табиғи бірлестіктегі адамның рөлін;
      12) бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдік жасушаларының құрылысы мен қызметін;
      13) жабықтұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын;
      14) бактериялардың, саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің және симбоздық (селбесіп) тіршілік ететін организм ретінде қыналардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;
      15) автотрофты және гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сапрофиттердің, паразиттердің,симбионттардың);
      16) бактериялардың, саңырауқұлақтардың,өсімдіктердің көбеюі, өсуі және дамуын;
      17) вирустар тіршіліктің жасушалы емес формалары екендігін;
      18) организмдердің тіршілік орталарын;
      19) жасанды бірлестіктерді (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның рөлінбілуі тиіс:
      43. 6-сынып оқушылары:
      1) тірі организм ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы және қызметінің өзара байланысын;
      2) өсімдік организмі мен ортаның өзара байланысын;
      3) адам әрекетінің өсімдік түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету ортасына әсерін және осы әрекеттерінің нәтижелерін;
      4) өсімдіктер алуан түрлілігінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
      5) организмнің құрылысы мен қызметінің, организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;
      6) биологиялық әртүрліліктің, түрлер саны реттелуінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
      7) адам әрекетінің өсімдік және жануар түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету ортасына әсерін; ол әрекеттің нәтижесін және мәдени өсімдіктерді шығаруын негіздей алуы тиіс.
      44. 6-сынып оқушылары:
      1) өсімдік организмдерін;
      2) өсімдік жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін;
      3) өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тараған түрлерін;
      4) бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар мен өсімдік организмдерін;
      5) өзің тұратын аймақта ең көп таралған өсімдік түрлерін, Тұқымдастың, Кластың, Бөлімнің өсімдіктерін;
      6) жеуге жарайтын, улы және зең саңырауқұлақтарын анықтай алуы тиіс:
      45. 6-сынып оқушылары:
      1) тірі организмдердің жалпы белгілерін;
      2) негізгі жүйелік ерекшеліктерді, түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді және гүлді өсімдіктердің Кластарын, Тұқымдастарын;
      3) элементарлық деңгейде өсімдіктер эволюциясының процестерін атай алуы тиіс:
      46. 6-сынып оқушылары:
      1) өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен қызметiн;
      2) өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінiң құрылысы мен қызметiн;
      3) прокариоттар мен эукариоттарды, автотрофты және гетеротрофты организмдерді;
      4) жабық тұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын, Кластарын;
      5) тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.

7. 7-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      47. 7-сынып оқушылары:


      1) ірі организмдердің жалпы белгілерін;
      2) негізгі жүйелік категорияларды,түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді, Кластарды, жануарлардың Тұқымдастарын;
      3) элементарлық деңгейде жануарлар эволюциясының барысын;
      4) эволюция процесінде жануарлардың күрделенуін;
      5) табиғи және жасанды бірлестіктерді;
      6) жануарлардың оқып танысқан Тұқымдастарының өкілдерін;
      7) жануарлардың кең тараған түрлерін және үй жануарларының қолтұқымдарын;
      8) гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сарофиттер, паразиттер);
      9) жануарлардың көбеюін, өсуін, дамуын;
      10) организмдердің тіршілік орталарын;
      11) жасанды бірлестіктер (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның рөлін білуі тиіс.
      48. 7-сынып оқушылары:
      1) -жануар организмдерінің құрылысы мен қызметінің өзара байланысын және организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;
      2) -биологиялық әртүрліліктің рөлін, түрлердің сан мөлшерінің реттелуін, биосферадағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында табиғи бірлестіктерді қорғауды;
      3) -жануар түрлерінің көптүрлілігіне және олардың тіршілік орталарына адам әрекетінің әсерін, бұл әрекеттің нәтижелерін және үй жануарларының қолтұқымдарын шығаруды негіздей алуы тиіс.
      49. 7-сынып оқушылары:
      1) өзің тұратын аймақта кең таралған жануарлардың жиі кездесетін түрлерін және әртүрлі Тұқымдас, Класс, Типтің жануарларын;
      2) адам ауруларының қоздырғыштары мен тасымалдаушыларын тани алуы тиіс.
      50. 7-сынып оқушылары:
      1) прокриоттық және эукариоттық, автотрофты және гетеротрофты организмдерді;
      2) сүтқоректі жануарлардың Тұқымдастарын, Кластарын;
      3) тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.

8. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      51. 8-сынып оқушылары:


      1) адам организмінің құрылыс ерекшеліктерін;
      2) денсаулықты сақтау үшін гигиеналық талаптарды;
      3) адамның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына жағымсыз экологиялық факторлардың әсерін;
      4) адам денсаулығына зиянды әдет-дағдылардың қауіпті әсері туралы;
      5) кемтар ұрпақтың дүниеге келу қатерінің факторларын білуі тиіс.
      52. 8-сынып оқушылары:
      1) сабаққа даярлануда авторлық ұсыныстарды ескере отырып оқулықтың мазмұнын пайдалануы;
      2) сабаққа даярлану кезінде оқулықтағы суреттерді, кестелер, сызбанұсқалармен қосарбеттерін кеңінен пайдалану;
      3) зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдану;
      4) денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін сақтау орындай алуы тиіс.
      53. 8-сынып оқушылары:
      1) мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің, организм мен ортаның өзара байланысын;
      2) адамның тік жүруі мен еңбек әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан ерекшеліктерін;
      3) адам организмінде тіршілік әрекеттерінің нейрогуморальдық реттелуінің рөлін;
      4) жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктерін;
      5) адам денсаулығына экологиялық және әлеуметтік факторлардың, ақыл-ой және дене еңбегінің, денешынықтыру мен спорттың әсерін;
      6) адам организміне және оның ұрпағына алкогольдің және темекі шегудің зиянды әсерін;
      7) зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;
      8) жеке адамның (тұлға) қалыптасуында қоршаған ортаның рөлін;
      9) әлеуметтік мәніндегі адамның қалыптасуына қоғамның әсерін;
      10) адамның биологиялық табиғатын негіздей алуы тиіс.

9. 9-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      54. 9-сынып оқушылары:


      1) жалпы биология пәні және міндеттері;
      2) тірі организмдерге тән жалпы белгілер;
      3) тіршіліктің құрылым деңгейлері;
      4) жасушалық теорияның негізгі қағидалары
      5) прокариоттар және эукариоттар жасушаларының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар;
      6) жасуша тіршілік әрекеттерінің негізгі принциптері
      7) органикалық және бейорганикалық заттардың жасушадағы рөлі,
      8) жасушаның негізгі бөліну әдістері;
      9) жеке дамудың заңдылықтары;
      10) генетика пәні және міндеті;
      11) өзгергіштік,тұқым қуалаушылық, ген, генотип, мутациялар түсініктерінің маңызы;
      12) организмдердің тұқым қуалаушылығында хромосомалардың рөлі;
      13) қоршаған ортаның қолайсыз факторларының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсері;
      14) тұқым қуалайтын өзгергіштіктің формалары;
      15) эволюциялық ілімнің негіздері;
      16) организмдердің бейімділігі;
      17) түр және оның критерийлері;
      18) популяция- түрдің элементарлық құрылымы;
      19) экология пәні оның міндеттер, экологиялық факторлар;
      20) түр, экожүйе,биоценоз, биосфера түсініктерінің мәні;
      21) экожүйелер қызметінің құрылымы мен принциптері;
      22) адам әрекетінің экожүйелерге әсері;
      23) қазақ халқының табиғатты қорғаудағы әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
      24) Қазақстанда табиғатты қорғаубілуі тиіс.
      55. 9-сынып оқушылары:
      1) биология пәні мен оның міндеттерін,негізгі зерттеу әдістерін;
      2) биологияның зерттеу объекттерін;
      3) биологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдар,олардың еңбектері;
      4) тіріге тән жалпы белгілер;
      5) биологияны зерттеу нысандары;
      6) биологиялық көп түрліліктің рөлі;
      7) биосферадағы тепе теңдікті сақтау үшін табиғи бірлестіктерді сақтаудың маңызын;
      8) табиғи экожүйелерге адам әрекетінің нәтижелері (зиянды әсері);
      9) қоршаған ортаның мутагендік факторларының маңызы атай білуі тиіс.
      56. 9-сынып оқушылары:
      1) организмдер өзгергіштігінің формалары;
      2) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне мысал келтіре білу тиіс.
      57. 9-сынып оқушылары:
      1) организмдердің жасушалық құрылысы туралы;
      2)органикалық дүниенің бірлігі туралы қорытынды жасай білуі тиіс.

10. 6-9 сыныптары оқушыларының тұлғалық деңгейі нәтижелері

      58. Оқушылар:


      1) жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін оларды өсіру және қорғау тәсілдерін негіздеу үшін;
      2) жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын негіздеу үшін;
      3) организм түрлері және табиғи бірлестіктер туралы білімдерін, оларды қорғау шараларын негіздеу үшінбілімін көрсете білуі тиіс.
      59.Оқушылар:
      1) тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы;
      2) органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы;
      3) жануарлар дүниесінің күрделенуі туралы қортынды жасай білуі тиіс.
      60. 6-9 сынып оқушылары:
      1) жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді;
      2) жануарлар Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеу тәжірибелерінің нәтижелерін;
      3) жануарлардың үй жағдайында және табиғи жағдайда өсуі мен дамуын бақылап дағдылану тиіс.
      61.Оқушылар:
      1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;
      2) өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адам әрекетінің әсерінен болатын тіршілік ортасындағы өзгерістерді бақылауда;
      3) өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізуде;
      4) организмдерге, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау,
      5) оқушының табиғаттағы мінез-құлқы, өзін дұрыс ұстау;
      6) оқып танысқан өсімдік тұқымдастары өкілдерінде маусымдық және адам әрекетінің әсерінен болған өзгерістерді бақылау;
      өсімдік организмдеріне,түрлеріне,мәдени өсімдіктердің іріктемелеріне ұқыптылықпен қарауда;
      8) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын-алуда;
      9) вирустар және бактериялар тудыратын жұқпалы аурулармен жаппай ауыру кезінде жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шаралардың ережелерін сақтауда қабілеттілігін байқатуы тиіс.
      62. Оқушылар:
      1) зат алмасу процестерінің өзара байланысын;
      2) радиацияның,есірткі заттарының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсерінің себептерін;
      3) қоршаған ортаның жағымсыз факторларының тірі организмдерге зиянды әсерін;
      4) табиғатты,қоршаған ортаны қорғаудың тірі организмдер үшін маңызын;
      5) тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімділігін;
      6) қоректік тізбектердің сызбанұсқасын;
      7) адам әрекетінің табиғатқа әсерін түсіндіру қабілетін байқатуы тиіс.
      63. Оқушылар:
      1) организмдердің өзгергіштік формаларына;
      2) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне;
      3) эволюция процесінде адам организмінің күрделенуіне;
      4) адамның ең кең таралған ауруларына;
      5) адамның жиі кездесетін зиянды әдеттеріне мысалдар келтіре білуі тиіс.
      64. Оқушылар:
      1) организмдердің жасушалық құрылысы туралы;
      2) органикалық дүниенің бірлігі туралы;
      3) жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін;
      4) жасушалардың бөлінуін;
      5)и адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;
      6) зат алмасу және энергия айналымын;
      7)и организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін;
      8) тамақтанудың ерекшеліктерін;
      9) тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды;
      10) иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы)-тің алдын алуды;
      11) адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторлардықортынды жасай білуі тиіс.
      65. Оқушылар:
      1) тірі организмнің жалпы белгілерін
      2) адамның биологиялық және әлеуметтік факторларын;
      3) адам эволюциясының себептері мен нәтижелерін атай білуі тиіс.
      66. Оқушылар:
      1) адамның жасушаларын, ұлпаларын, мүшелері мен мүшелер жүйесін;
      2) сүйек сынған, буын шыққан, сіңір созылған жағдайда алғашқы көмек көрсету үшін сүйектің типтерін және олардың байланыстарын;
      3) зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету үшін қан кетудің түрлерін анықтап ажырата білуі тиіс.
      67. Оқушылар:
      1) адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының құрылысын және қызметін;
      2) қаңқа бөліктерін, сүйек типтерін және олардың байланысу түрлерін салыстыра білуі тиіс.

11. 6-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің
жүйелі-әрекеттік нәтижелері

      68. Оқушылар:


      1) бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімдерін;
      2) биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен құрал-жабдықтарын;
      3) биологиялық объектілер мен саймандарды, құрал-жабдықтарды;
      4) биологиялық объектілермен құралдармен,саймандармен техникалық қауіпсіздік ережелеріне;
      5) анықтамалық материалдар,айырғыштар, қосымша әдебиеттерге;
      6) микропрепараттар даярлауда және оларды микроскоп астында қарауда;
      7) жануарлардың оқып танысқан тұқымдастарының белгілі өкілдеріндегі адам әрекетіне байланысты өзгерістерді және маусымдық өзгерістерді бақылауда;
      8) жануарлардың тіршілігін зерттеу үшін қарапайым тәжірибелер жүргізуде;
      9) үй жануарларының қолтұқымдарына, түр өкілдеріне ұқыптылықпен қарау;
      10) жануарлардан түрлі аурулар жұқтырудың алдын алу;
      11) жануарларды күтіп-баптауда жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шараларды қолдануда;
      12) өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шаралары үшін;
      13) табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін;
      14) өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шараларын негіздеу үшін;
      15) бактериялар,саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік әрекеттері және вирустар туралы білімдерін азық-түлік өнімдерін сақтау әдістерін, уланудың және ауру жұқтырудың алдын алу шараларын негіздеу үшін;
      16) түрлер, табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін білімдерін қолдана білуі тиіс.
      69. Оқушылар:
      1) өсімдіктің жасушалы құрылысы туралы;
      2) органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы;
      3) өсімдіктер әлемінің күрделенулері туралы;
      4) тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы;
      5) адам организмінің жасушалық құрылысы туралы;
      6) адамның жануарлардан шығуы туралы қорытынды жасай білуі тиіс.
      70. Оқушылар:
      1) өсімдіктердің эволюция процесінде күрделенуі;
      2) табиғи және жасанды бірлестіктерге;
      3) өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;
      4) өсімдіктердің оқып-танысқан Тұқымдастарының белгілі өкілдеріне;
      5) мәдени өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;
      6) вирустық және бактериялық жұқпалы ауруларға;
      7) бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімге;
      8) биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен саймандарына;
      9) салауатты өмірсалтын негіздеу үшін адам организмінің құрылысы мен тіршілігіне;
      10) мінез-құлықтың гигиеналық нормаларын сақтауға;
      11) жарақаттардың және аурулардың алдын алуға мысалдар келтіре білуі тиіс.
      71. Оқушылар:
      1) адамның тіршілік-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізілген зертханалық жұмыстардың нәтижесін;
      2) өз организміңнің анатомиялық-физиологиялық өзгерістерін;
      3) өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;
      4) тәжірибе нәтижесін;
      5. мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;
      6) өсімдік Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеп білу үшін тәжірибелер нәтижесін;
      7) мектептің оқу-тәжірибе учаскесіндегі және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жүйелік категорияларға жататын өсімдіктерінің өсуі мен дамуын бақылай білу тиіс.
      72. Оқушылар:
      1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;
      2) адам әрекетінің әсерінен тіршілік ортасын өзгертуде;
      3) адамның салауатты өмір салтының, оның жеке басының және қоғамдық гигиеналық ережелерін;
      4) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын алуда ережелерді сақтай білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі  
№ 115 бұйрығына     
38-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптары үшін «Физика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Физика – оқушыға білім беретін және өзіндік тәрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын және логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тәрбиелейтін өзіндік мазмұны және зерттеудің ғылыми әдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.
      3. Бүгін мектептегі «Физика» оқу пәнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
      4. «Физика» курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
      5. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
      1) қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;
      2) физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
      3) оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
      базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
      6. 7-9 сыныптарға арналған «Физика» оқулығының базалық оқу материалының мазмұны іс жүзінде сақталды, ерекшелігі оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.
      7. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады.
      8. 7-9 сыныптарына арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде құрастырылған.
      9. Пәнаралық байланыс ана тілі пәнімен (қазақ, орыс):
      тіл лексикасы;
      ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
      коммуникативті мәдениет;
      физиканың негізгі терминологиясын білу білімі, физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
      10. Пәнаралық байланыс алгебра пәнімен:
      рационал сандармен есептер шығару;
      формулалар арқылы есептеу, пропорцияны шешу;
      тікбұрышты координат жүйесінде сызбалар салу;
      y= kx және y=kx, y=kx2 y=1/х функция түрлері және оның графиктері;
      квадраттық теңдеулер және теңсіздіктер;
      негізгі тригонометриялық формулалар;
      сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу.
      11. Пәнаралық байланыс геометрия пәнімен:
      векторлар және амалдар қолдану;
      геометриялық фигуралардың ауданы;
      бұрыштар туралы мәлімет (градустық өлшеу) бұрыштарды өлшеу және салу;
      центрлік және іштей сызылған бұрыш;
      үшбұрыштардың теңдігі және ұқсастығы;
      косинус, синус, Пифагор теоремасы.
      12. Пәнаралық байланыс химия пәнімен:
      заттардың молекулалық құрылысы;
      жану;
      энергияның сақталу және айналу заңдары;
      кристалл торлардың құрылысы;
      Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;
      изотоптар және атом ядросының құрылысы;
      массаның сақталу заңы;
      спектралдық анализ;
      химиялық элементтердің радиоактивтi изотоптарын алу.
      13. Пәнаралық байланыс биология пәнімен:
      биосферадағы энергияның айналуы және заттардың айналымы;
      ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.
      14. Пәнаралық байланыс география пәнімен:
      жауын-шашын, ауа, су буы туралы, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын қолдана білуі;
      механикалық энергия туралы білімі (өзен және жел энергиялары);
      компас көмегімен бағытты айыра білу біліктілігі;
      гидроэнергетикалық ресурстар қоры және оларды еліміздің барлық өңірінде пайдалану туралы мәлiметтер;
      жергілікті және ауқымды экологиялық мәселелер;
      Жер ғаламшары, Жердің магнит өрісі туралы мәлімет, магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы, Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты;
      электрэнергияны пайдалана білу білімі.
      15. Пәнаралық байланыс информатика пәнімен:
      электрондық кестеде, графикалық редактордың ортасында модельдеу;
      белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;
      «Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау;
      электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;
      электрондық почтамен хабарлама жіберу;
      слайдтарды құрастыру.
      16. Пәнаралық байланыс технология пәнімен::
      механикалық өңдеуде дененің қызуы, материалдың серпінділігі;
      электр тізбегі және олардың элементтері, электр тізбегі және оның шартты түрде белгіленуі, қыздыру шамының, патронның, сөндіргіш штепсель шанышқылардың құрылысы, электромагниттер және олардың қолданылуы, автоматты құрылымдардың элементтері;
      жылу қозғалтқыштардың құрылысы.
      17. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді. Оған жету оқушының негізгі мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.
      18. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
      1) 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
      2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
      3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет