Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің базалық білім мазмұны



бет12/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76

2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны

      10. Блок 1. «Көркемдік іс-әрекет түрлері»:


      1) өнер туындыларын қабылдау;
      2) көркем шығармашылық ерекшеліктері: суретші және көрермен;
      3) өнердің бейнелік болмысы: көркем бейне, оның шарттылығы, жеке бейне арқылы жалпы бейнені беру;
      4) әсем өнер туындыларындағы адамгершілік пен эстетика туралы жалпы адамзаттық идеялардың көрініс табуы: табиғатқа, адам мен қоғамға деген көзқарас;
      5) көркем мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері (таңдау бойынша), Қазақстан және әлемдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық тұрғыдан бағалау;
      6) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;
      7) сурет, сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
      8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
      9) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      10) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
      11) кескіндеме, кескіндеу материалдары, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      12) түс – кескіндеу тілінің негізі, алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
      13) мүсін, мүсіндеу материалдары және олардың мәнерлі бейне жасаудағы рөлі, мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру), көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, мүсіндеу құралдарымен бейнеленген адам және жануарлардың әсемдігі;
      14) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған материалдардың алуан түрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т.б.), мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру; қағаз бен картон – жұмсарту, бүктеу, кесу), көркемдік құрастыру және модельдеу дағдыларын адам өмірінде қолдану мүмкіндіктері туралы түсінік;
      15) сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастауы және оның адам өміріндегі рөлі, халық мәдениетінің сипаты туралы түсінік (баспананы, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімді әшекейлеу), әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер;
      16) бейнелеу өнерінде, ертегілерде бейнеленген халықтардың ер мен әйел сұлулығы туралы түсініктері;
      17) халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер, қолданбалы өнердегі сәндік пішіндердің негізі ретінде табиғаттағы пішіндердің алуан түрлілігі, Қазақстанның халық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.
      11. Блок 2. «Көркемдік сауат негіздері»:
      1) композиция, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
      2) ұғым: композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ;
      3) ұғым: көкжиек сызығы, жақын – алыс, үлкен – кіші, алдын бөгеу;
      4) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;
      5) композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;
      6) түс, негізгі және құрамдас түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
      7) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, штрих, дақ және көркем бейне;
      8) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;
      9) пішін, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;
      10) көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;
      11) ырғақ, ырғақ түрлері (байсалды, баяу, шұғыл, беймаза және т.б.);
      12) сызықтар ырғағы, дақтар, түс ырғағы;
      13) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, элементтер ырғағы арқылы композициядағы қозғалысты көрсету, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.
      12. Блок 3. «Қоршаған әлемді тану»:
      1) жер – біздің ортақ үйіміз, табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау;
      2) жылдың, тәуліктің әртүрлі мезгілінде, әртүрлі ауа-райында табиғатты бейнелеудегі айырмашылық;
      3) пейзаж жанры, табиғаттың мәнерлі бейнесін жасау үшін әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану, табиғаттағы құрылыстар: құстың ұясы, індер, құмырсқаның илеуі, тасбақаның сауыты, ұлудың үйшігі және т.б.;
      4) табиғатты бейнелеген қазақстандық және шетел өнері жауһарларын қабылдау және эмоциялық тұрғыдан бағалау (мысалы, Ә. Қастеевтің, А.Г. Ғалымбаеваның, К.Т. Телжановтың, А.К. Саврасовтың, И.И. Шишкиннің, К. Моне, В. Ван Гогтың және т.б. туындылары);
      5) әртүрлі халықтар мен дәуірлердегі әлемнің бірнеше аса жарқын мәдениеттерімен танысу (мысалы, Ежелгі Грекия, ортағасырлық Еуропа, Жапония және т.б.);
      6) әлемдегі әртүрлі халықтардың мәдени салт-дәстүр сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі, әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәулет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;
      7) менің туған Қазақстаным, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениет сипаттамасындағы табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат пейзаждары, киіз үйді, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімдерді безендірудегі сәндік құрылым тұтастығы;
      8) бейнелеу өнерінің билермен, ертегілермен байланысы;
      9) дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде бейнеленген адамның сұлулығы (сыртқы және рухани) туралы халық түсінігі;
      10) адам бейнесі, әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі, портрет жанры, өнердегі махаббат, достық, отбасы тақырыптары;
      11) адамдағы ең ізгі сезімдер мен қасиеттерді: қайырымдылық, рақымдылық, сүйеніш, қамқорлық, ерлік, риясыздық және т.б. сезімдерді оятатын кейіпкерлер бейнесінің эмоциялық және көркемдік мәнерлілігі;
      12) ашу-ыза, шіміркену, жеккөрініш тудыратын кейіпкерлердің бейнелері;
      13) өнер адамдарға әсемдік сыйлайды, біздің айналамыз тұнған өнер, тұрмыстағы әсем, жайлы әрі мәнерлі заттар, көлік түрлерін жасауда әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану;
      14) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі рөлі туралы түсінік, табиғи, географиялық жағдайлардың, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлерінің әсем өнерлерде көрініс табуы;
      15) натюрморт жанры;
      16) үй-жайларды, ыдыс-аяқты, жиһаз бен киімді, кітаптар мен ойыншықтарды көркемдік құрастыру және безендіру.
      13. Блок 4. «Көркем-шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны»:
      1) бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркемдік-құрастыру іс-әрекетінің алуан түрлеріне қатысу;
      2) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер негіздерін меңгеру;
      3) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы бейнелеу (натюрморт, пейзаж, адам, жануар, өсімдік);
      4) көркемдік сауат негіздерін: композицияны, пішінді, ырғақты, сызықты, түсті, көлемді, фактураны меңгеру;
      5) адамның тұрмыстық орта заттарының модельдерін жасау, мүсін жасау және қағаз пластикасының қарапайым дағдыларын меңгеру;
      6) суретте, кескіндемеде, жапсыруда, мүсіндеуде, көркемдік құрастырудағы өз ойын іске асыру үшін мәнерлеу құралдарын таңдау және қолдану;
      7) түс, рең, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал фактурасының көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындау;
      8) жеке және ұжыммен жұмыс істеу кезінде әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды: коллаж, граттаж, жапсыру, қағаз пластикасы, гуашь, акварель, пастель, балауыздан жасалған борлар, қарындаш, фломастерлер, ермексаз, сазбалшық, көмекші және табиғи материалдарды пайдалану;
      9) бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлеу құралдарын талқылауға қатысу, өзінің туындыға қатысты көзқарасын білдіру.

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

      14. Курсты оқытуға 1-сыныпта 33 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.


      15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
      1) бейнелеу өнері ұғымы, өнердің адам өміріндегі рөлі, бейнелеу өнері туындыларын түсіну және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен танысу.
      16. Кескіндеме (8 сағат):
      1) кескіндеме және түс гаммасы туралы ұғым, түстің негізгі сипаттамаларын зерттеу: негізгі, қосымша, құрамдас;
      2) жылы және суық түстер, түстік реңк, түс теориясы, көкжиек сызығы, бір түсті акварель (гризайль);
      3) «Күз сыйы», «Қысқы ойындар, «Хайуанаттар бағында», «Астана - болашақтың қаласы» атты тақырыптарға сурет салу;
      4) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра, қылқаламмен жұмыс;
      5) жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері, әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж және т.б.);
      6) соғысқа дейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
      17. Графика (6 сағат):
      1) графика туралы ұғым, суретші-графиктің материалдары, сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
      2) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, сызық, штрих, дақ және көркем бейне, қарындашпен жұмыс істеу тәсілдері, көкжиек сызығы;
      3) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
      4) «Жаңбырлы күн», «Аққала», «Натюрморт», «Пейзаж» атты тақырыптарға сурет салу;
      5) суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      18. Мүсін (4 сағат):
      1) мүсін туралы ұғым, суретші-мүсіншінің материалдары;
      2) көркемдік материалдары: ермексаз, сазбалшық;
      3) мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер» ұғымы;
      4) мүсін түрлері, мүсін жасау құралдары мен материалдары, әртүрлі материалдармен (ермексаз, сазбалшық) жұмыс істеу ережелері мен тәсілдері, бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ пластикамен) танысу, геометриялық пішіндер жасау;
      5) суретші-мүсіншілер Н.Журавлевтің, Е.Мергеновтың, Х.Наурызбаевтың, М.Әйнековтың, Т.Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      19. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (8 сағат):
      1) көркемдік құрастыруды, дизайн мен сәулет түрлерін айыра білу және сипаттай білу;
      2) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет нысанасын жобалауда көркемдік мәнерлеу құралдары ретінде сызықты, ырғақты, нұсқаны, түсті, пішінді қолдану;
      3) мәнерлі бейне жасау үшін әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (көлемді жинақтау, пішін құрастыру; қағаз және картонды - бүктеу, кесу, жұмсарту).
      20. Сәндік-қолданбалы өнер (5 сағат):
      1) халық өнерінің және сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы;
      2) пішіндердің, орындау материалдарының, техникасының, түстік өзгешелігінің алуан түрлілігі;
      3) халық қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктері, сәндік композиция жасау заңдары, ою-өрнекті нақыштар бойынша пішіндік-түстік композициялар, қарапайым безендіру, жапсыру, сәндік-қолданбалы өнер үлгілерімен танысу, сәндік композиция;
      4) табиғат пен заттай әлемнің нақыштары;
      5) композициялық орталық, реңк, сәндік пейзаж, халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер;
      6) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      21. Курсты оқытуға 2-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.


      22. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
      1) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері туралы түсінік;
      2) бейнелеу өнері туындыларын түсіну және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның және әлемнің көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы.
      23. Кескіндеме (8 сағат):
      1) кескіндеменің көркемдік материалдары (акварель, гуашь, акрил), негізгі және қосымша түстер, түрлі-түсті бояуларды өз бетінше араластыру;
      2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      3) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
      4) композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ ұғымы;
      5) пропорциялар және перспектива;
      6) көкжиек сызығы, жақын – алыс, үлкен – кіші, алдын бөгеу ұғымы;
      7) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;
      8) композициялық орталық (композицияның көру орталығы), композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;
      9) «Күзгі нақыштар», «Қар бүршіктері», «Менің ең жақсы досым», «Астана – Еуразия жүрегі» атты тақырыптарға сурет салу;
      10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
      11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
      12) соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
      24. Графика (6 сағат):
      1) сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
      2) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
      3) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
      4) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;
      5) көкжиек сызығы, қозғалыс, композициялық орталық, сызықты сурет, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;
      6) құстарды, аңдарды қозғалыста бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
      7) «Әрқашан күн сөнбесін», «Қысқы таңсәрі», «Көктемгі гүлдер», «Ертегі елі» атты тақырыптарға сурет салу;
      8) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      25. Мүсін (6 сағат):
      1) бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ пластикамен) танысу, ермексаз;
      2) бедер, плинт, натюрморт жанры, «Екі заттан құралған натюрморт» бедерлі композициясын орындау;
      3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), жануарлар мүсінін жасау, сазбалшық;
      4) іші қуыс ұсақ пластика жасау техникасы – ширатылған немесе балшықты тілімдерді салу, стильдеу, пішін үйлесімдігі;
      5) Қазақстанның және басқа халықтардың суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.
      26. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
      1) көркемдік құрастыру, дизайн мен сәулет өнерімен танысу;
      2) бұрынғы өткен ата-бабалардың және қазіргі заман шеберлері жасаған заттардың тілін түсіну, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған алуан түрлі материалдар (ермексаз, қағаз, картон және т.б.);
      3) қағаз пластикасы, оригами өнерін қолдану;
      4) пішіндерді, тереңдік кеңістіктерін, қазақтың киіз үйі мен сәулет элементтерін құрастыру.
      27. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат):
      1) Қазақстан халқының ою-өрнектер ерекшеліктері, адамның күнделікті өмірінің айнымас қатысушысы ретіндегі ою-өрнек, ою-өрнекті композицияның мәнерлеу құралдары (ырғақ, симметрия, фактура);
      2) ою-өрнектердің түрлері, шеңбердегі қазақ ою-өрнегі, қазақтардың және басқа халықтардың салт-дәстүрлері және киім ерекшеліктерімен танысу, композициялық орталық, тұтастық заңы;
      3) адамдар арасындағы мейірімді, достық қарым-қатынастарды ашатын композициялар жасау («Халықтар достастығы», «Суретші-модельерде қонақта» және т.б. тақырыптар);
      4) сәндік пейзаж («Дала» тақырыбы, қазақ ертегілеріне суреттер салу және т.б.), композиция орталығы, түстік үйлесім, ырғақтың сәндік-қолданбалы өнердегі ерекше рөлі, қазақтың ұлттық көркем мәдениеті және оның басқа халықтардың мәдениетімен байланысы туралы түсінік негіздері, ізденіс және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;
      5) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      28. Курсты оқытуға 3-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.


      29. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
      1) өнер туындысын қысқаша талдау, бағалау тұжырымдары;
      2) оқушының назарын, оның ойының жұмыс істеуін, оның эмоциялық және эстетикалық қайырымдылығын белсендіретін өнертану әңгімелерін немесе сұхбаттарын мақсатты, жүйелі түрде пайдалану, шығармашылық қиялын дамыту;
      3) табиғаттың, өсімдіктердің, жануарлардың, заттардың, сыртқы келбеттің жай-күйін сипаттау, өнер туындыларын талқылау;
      4) графика, кескіндеме, композиция және безендіру бойынша жаттығуларды орындау кезінде эмоционалдық деңгейін дамыту;
      5) көріп есте сақтау және бақылау қабілетін дамыту, өз ойларын түсіндіре білу;
      6) тарих, археология, монументалды өнер және сәулет ескерткіштері.
      30. Кескіндеме (8 сағат):
      1) түстік шеңбер, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), реңк, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;
      2) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
      3) түс – кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке, қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;
      4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
      5) «Дастарқан», «Ақ қайыңдар», «Биші қыз», «Қазақстандағы көрікті жерлер» атты тақырыптарға сурет салу;
      6) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
      7) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
      8) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
      31. Графика (6 сағат):
      1) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
      2) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
      3) заттай әлем пішіндерінің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте бейнелеп көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, пішіндердің өзгеруі, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері;
      4) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
      5) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
      6) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      7) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
      8) суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, миниатюра, тақырыптық графика;
      9) «Көктем мерекесі», «Суретші және цирк», «Теңіз жағалауында», «Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу;
      10) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      32. Мүсін (6 сағат):
      1) мүсін түрлері, геометриялық денелер, адам мүсінін қарапайым бейнелеу, ермексаз, бедер, плинт;
      2) ұлттық символиканы бейнелеу;
      3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), «Адам және аң» атты екі мүсінді композиция жасау, сазбалшық, плакетка, композиция эскизі, бедер, «Су асты әлемінің таңғажайыптары» атты тақырыпқа бедерлі композиция жасау;
      3) суретші-мүсіншілер Н. Журавлевтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      33. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
      1) Қазақстанның сәулет ескерткіштерін қабылдау;
      2) дизайн, көркемдік құрастыру және сәулет нысандарының пайдалы бағыттылығы: «жайлылық», «пайда» (психологиялық жайлылық қалыптастыру, адамның көңіл-күйіне әсер ету қабілеті).
      34. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат):
      1) қазақ халқының қолданбалы өнері, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері;
      2) сәндік костюм, киім бөліктері;
      3) ою-өрнектердегі туған табиғат нақыштары (геометриялық, өсімдік, зооморфты), пішінді өзгерту, ою-өрнек элементтері мен нақыштары, стильдеу, ою-өрнек композициясы, тікбұрышты пішіндегі ою-өрнек, шеңбердегі (дискідегі) ою-өрнек, ою-өрнек, оның қолданылуы, тікбұрышты пішіндегі қазақ ою-өрнегінің эскизін жасау;
      4) сәндік натюрморт, жинақтау, шама, орналасқан жері, түс, натюрморттағы композициялық орталық, реңк;
      5) сәндік пейзаж, табиғи пішіндерді сәндік пішіндерге өзгерту, бақылаулар және қиял, ырғақ, композиция орталығы, пішін мен түстің үйлесімдігі, жапсыру, коллаж, пішіннің өзгеруі, нақыш, композициялық орталық;
      6) композицияларды ертегілік, ғажайып сюжеттер етіп жасау;
      7) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      35. Курсты оқытуға 4-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.


      36. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
      1) мектепте өнерге ықпалдастырып оқыту;
      2) қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру;
      3) бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;
      4) мәдени құндылықтар: адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері.
      37. Кескіндеме (10 сағат):
      1) түс – кескіндеу тілінің негізі;
      2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық (композицияның көру орталығы);
      4) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
      5) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
      6) «Достық пойызы», «Серуен», «Менің аулам», «Наурыз», «Астана – бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу;
      7) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
      8) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
      9) 20 ғасырдың 70-80-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
      38. Графика (6 сағат):
      1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
      2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
      3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
      4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
      5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
      6) тақырыптық графика, «Менің жазым», «Бізге тағы да күз келді», «Теңіздегі дауыл», «Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу;
      7) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      39. Мүсін (6 сағат):
      1) көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру);
      2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;
      3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);
      4) суретші-мүсіншілер Н. Журавлевтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.
      40. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
      1) жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен танысу;
      2) функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдеу.
      41. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):
      1) Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйіктасы және қазіргі заманғы басқа да қолөнерлер), Ресейдің дәстүрлі қолданбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері;
      2) Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;
      3) жиһаз, музыкалық аспаптар, киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа заттар;
      4) қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;
      5) икебана, коллаж;
      6) әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұтастығы мен жалпы сипаттары;
      7) символдарды пайдаланумен шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сурет композициясы мен мәтін мазмұнындағы өзара байланыс;
      8) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет