Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет134/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Сынып:

Күні:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы




Оқу мақсаттары




Оқыту нәтижесі

Білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, басқа параметрлермен байланысы және оларға тәуелділігі анықталады, радиоактивтілік туралы түсініктері мен білімдері тереңдейді.

Түйінді идеясы

сабақта өтілген материалға білім алушының тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясы

Дереккөздер

Оқулық материалдары, білім алушылардың зерттеу тақырыптарының материалдары

Материал және құрал-жабдықтар

  1. ПК, мультимедиа-проектор, презентация

  2. Видеоматериалдар

  3. Үлестірме материалдар

  4. Электрондық оқу құралы

Сабақ барысы

Сабақты өткізу кезеңдері

Уақыты
(40 минут)

Сабақтың барысындағы жұмыс түрі

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Сыныптың дайындығы, жалпы ұйымдастыру сұрақтары.

  2. Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Білімді белсендіру

3 минут

Электронды оқу құралымен жұмыс.



Мотивациялық кезең

3 минут

  1. Проблемалық ситуация туғызу.

  2. Тақырыпқа қатысты «Білгім келеді» сұрақтарын өз-өзіне қойып, әрбір білім алушы сұрақтар қалыптастырады және жазып қояды

Білім алушы білімін кеңейту және тереңдету

  1. минут

  • Интерактивті ақпарат алмасу (білім алушылардың жобалық жұмыстарынан) және талқылау. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары:

  • 1.«Табиғи радиациялық фонның өзгеруін зерттеу».

  • 2. «Топырақтың радиоактивтілігін зерттеу».

  • 3. «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері».

  • 4. «Ауыз су сапасын жақсартудың физикалық тәсілдері».

  • 5. «Баспана қасиеттерін физикалық тұрғыдан зерттеу».

  • 6. «Жергілікті жердегі өсімдік жапырақтарының оптикалық жүйесін зерттеу».

Рефлексия

5 минут

Мен білетін бір нәрсе,

Мен білгім келген екі сұрақ,


Мен бүгін жауабын тапқан үш сұрақ



Сабақты қорытындылау

2 минут

Бағалау



Үй тапсырмасы

1 минут




Мұғалім бағыт-бағдар беруші ретінде сабақтың қорытындысын келесі кезеңдерге бастайтын қадам деп қарай отырып, жаңа білім жинауға және оны тереңдетуге жол ашатын бағыттауыш етіп алады.


Шағын жинақты мектеп жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу барысында білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «шиыршық» принципі негізінде әзірленгенін ескеру қажет. Осы оқу бағдарламаларына сәйкес көптеген оқу мақсаттары мен тақырыптар белгілі бір академиялық оқу аралығы өткеннен кейін біртіндеп тереңдетіліп, күрделендіріліп және білім дағдыларының көлемі ұлғайтылып, қайталанып отырады. Сондықтан, бағдарламада бар тақырыптарды және материалдарды қайталамас үшін, оқу бағдарламаларының толық мазмұнынымен алдын-ала танысу ұсынылады. Оқыту барысында болатын проблемалар мен қиындықтарды анықтау мақсатында білім алушылардың мектептегі білім сапасы мен үлгерімдерін (жеке сынып проблемаларын зерделеуге болады) талдау қажет.
Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану білім беру процесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастықтары, диалогтік және рефлексивтік технологиялар үшін алғышарттарды қалыптастырады, олар негізгі пәнмен терең байланыста білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметтерін ұйымдастырумен ұштастықта, факультативтерді, элективтік курстарды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
СБР-лар арқылы педагогтердің жұмыс жеңілдету сабақтардың кезеңдерін мұқият әзірлеумен өтелуі тиіс – өткен материалды бекіту, жаттықтыру жаттығулары, дағдылары мен біліктілігін пысықтау, білімді бақылау, біріктірілген сабақтар жоспарлау, өзіндік жұмыс ұйымдастыру, , жұппен және топпен оқыту, шығармашылық жұмыстар орындау, білім алушылармен жеке жұмыс. Инновациялық технологияларды қолдану мұғалімнің рөлін оқытушыдан, білім алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын игеруде тәлімгерлік пен үйлестірушіге дейін түбегейлі өзгертеді.Оқытылатын пәннің ерекшеліктері мен оқытушының тәжірибесін ескере отырып СБР-лерді пайдаланудың және демонстрациялық материалдарды іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс. СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесінің құрамдас бөлігі, ал бағдарлама – негізінен сабақта мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі педагогтің білім алушылардың танымдық қызметін өте жоғары дәрежеде ұйымдастыра алуына байланысты. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі қағидаттарын бөліп көрсету қажет:
- белсенді қабылдауды орнату;
- СБР пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және басқару;
- сабақта СБР пайдаланғаннан кейінгі білім алушылардың оқу әрекетін басқару.
Мониторингтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, оқыту процесінің барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары жеткілікті ашылмайды, нәтижесінде оқу мақсаттарының тәрбие аспектілерімен байланысы өз дәрежесінде іске асырылмайды. Сондықтан білім алушыларды тұлға, азамат және патриот ретінде қалыптастыратын жоғары моральдік сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін, зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін, шағын жинақты мектептерде терең теориялық және практикалық ізденісті қажет ететін кең ауқымды қызықты тақырыптарға сыныптар арасында, мектептер арасында сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау қажет. Біріктірілген сынып сабақтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын ашу үшін маңызды ой түйіндеу мақсатында әлемдік мәдениет құндылықтары мен ұлттық мәдениетімізді қатар қойып теңеу, дәуірлер тоғысына салыстыру жүргізу ұсынылады. Бұл сонымен бірге, ШЖМ білім алушыларының бойында келесі дағдыларды дамытуға ықпал етеді:

  • шығармашылық қабілеттерін;

  • деректерді талдау негізінде дәлелді жүйелі ой айту;

  • білім алушы деңгейіндегі зерттеулерді жүргізу;

  • ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық жеткізе білу;

  • түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді қолдану.

Бұл ретте пайдаланылатын ресурстардың мазмұны оқу пәнінің бағдарламалық материалдармен тығыз байланыста болу қағидаттарын ұстануы қажет.
Мұндағы маңызды орын оқыту процесі мен ондағы білім алушының рөліне беріледі, ШЖМ жағдайында оқыту жүйесін әрбір білім алушының жеке қабілетіне қарай, оның эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ететіндей етіп құру қажет. Білім алушылардың жеке қабілеттері әрдайым ескерілмейді, білім алушылардың жақын даму аймағын ескеру арқылы сараланған тапсырмалар таңдалмайтынын атап өткен жөн.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесінің алдына қойған қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім берудегі сапалық алшақтықты қысқарту, математикалық және жаратылыстану ғылымдарының білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту сапасын күшейту, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» және «Сандық Қазақстан» бағдарламаларының орындалуына байланысты тамыз кеңесіндегі ШЖМ мұғалімдерінің секцияларында келесі тақырыптарды талқылау ұсынылады:
1. Жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында оқыту процесін ұйымдастыру.
2. ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерінен білім сапасын арттыру.
3. Шекаралық аумақтағы ауылдық мектептерде, оның ішінде ШЖМ-де білім беру процесін жетілдіру мәселелері.
4.ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
5.Пәндер саласына байланысты ШЖМ педагогтерінің ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жетілдіру жолдары.
6. Жаңа МЖМБС көшу кезеңіндегі ШЖМ жағдайындағы білім беру ортасының қауіпсіздік ерекшеліктері.
7. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-де білім беру процесін басқару.
Оқу жылының барысында әдістемелік бірлестіктердің отырысында немесе мұғалімдердің желілік кәсіби қауымдастығымен байланыс орнату арқылы вебинарларда ШЖМ мұғалімдері үшін шеберлік сынып сағатын ұйымдастыру, қажетті әдістемелік көмек беру ұсынылады. Себебі, білім мазмұнын жаңарту бойынша қысқа мерзімді білім жетілдіру курстарынан өтудің жеткіліксіз екені көрінуде, мұғалімдердің өз-өзіне сенімсіздігі және жаңа педагогикалық тәсілдерді сабақта жүйесіз қолданулары білім алушылардың оқуға деген ынтасына кері әсерін тигізеді, сонымен қоса уақытша алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы мәселесіне байланысты ШЖМ мұғалімдерінің көпшілігі курстан өтпеген.
Бүгінде ШЖМ педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуына, көптеген өңірлік, әлеуметтік-экономикалық мәдени факторларды ескеретін баланың тұлғалық дамуына арнайы тәсілдер қолдануға аса мұқтаж болып отыр. Оқытудың заманауи тиімді технологияларын енгізу, ШЖМ оқу процесіне инновациялық білім беру технологияларын қолдану, прогрессивтік өзгерістердің жылдам қарқыны мұғалімдердің үнемі педагогикалық ізденуін қажет етеді.
Бүгінгі күні ШЖМ педагогтері практикада қолданылатын оқытудың әдістемелерін жүйелендіруі және оқыту процесіне жаңа педагогикалық тәсілдерді белсенді енгізулері қажет. Оның барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны, онлайн-ресурстарды кең қолдануға, білім алушылардың өзіндік белсенді танымдық іс-қимылына жағдай жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет