«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдыларын, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлеміаптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағаттықұрайды.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұны екі бөлімнен тұрады: «Техникалық еңбек» және «Көркем еңбек». «Техникалық еңбек» бөлім аясында білім алушылар қағаз және қатырма қағазбен, тоқыма материалдарымен, табиғи материалдарменжұмыс істейді, техникалық моделдеумен айналысады. Екінші бөлім білім алушылардың ұлттық киімдер мен бұйымдарды дайындауын, ермексаздан мүсіндеуді, әртүрлі материалдардан бұйымдар құрастыруын қарастырады.
Сабақтың алдында мұғалім қажетті материалдарды және барлық құралдар мен құрылғылардың жарамдылығын тексеруге тиіс.
Еңбек баулудың әр сабағында мұғалім білім алушылардың жеке гигиена және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қадағалауы маңызды.
Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау
«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сондай-ақ, сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті сақтау білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмыс үшін бағаны бір балға көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, ол түзетуге, қайта жасауға жатады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық білім алушыларға қойылады.Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).
Жеке технологиялық операцияларды бағалау нормалары
«5» бағасы әртүрлі өлшеп белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құру, бұйымға өздігімен талдау жасауын түсіндіре отырып көрсету білігіне қойылады.
«4» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3 мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; алдағы жұмыс жоспарын 1 қатемен өздігімен құрса қойылады.
«3» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздік жіберсе: 5 мм-ге дейін бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе қойылады.
Білім алушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін. Сабақтың жоспарында бақылайтын 4 білім алушының аты-жөнін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 4 білім алушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты өлшеп белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 4 білім алушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін, сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуінбақылайды.
Егер білім алушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін білім алушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.
Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше баға қояды, бірақ олар білім алушының нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |