Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
Бейнелеу өнері «Бейнелеу өнері» оқу пәнін оқыту эстетикалық сезімдерге, бейнелеу өнеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеуге; Қазақстан халқының және басқа да елдердің мәдениетіне құрмет, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге; өзінің кез келген қызметіне шығармашылықпен келе білуіне, оған ынтасы және қиял-елестету, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілеттілігін, көркемдік қызметтегі ынтымақтастық білігі мен дағдыларын дамытуға; халық шығармашылығына сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеуге, байқампаздығы мен көргенін есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктар бойынша ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауаттылық негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем- шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар жиынтығы бастауыш көркемдік білім мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған.
«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары: «5» деген баға: білім алушы сабақтың қойылған мақсатын толығымен орындайды; оқып-зерделенген материалды дұрыс жеткізеді және алынған білімді іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни кескіндеме/суреттің барлық компоненттерін өзара үйлесімді келістіреді; кескіндеме/суреттемеде неғұрлым сипатты белгілерді атап көрсете алады және жеткізе алады.
«4» деген баға: білім алушылар бағдарлама материалын толығымен меңгерді, бірақ оны мазмұндауда қосымша сипаттағы дәлсіздіктерді жіберіп алады; бейненің/кескіндеменің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені байқай алады, бірақ суреттің нақты сипаттамасын көрсетпейді; бейненің/ кескіндеменің неғұрлым сипатты белгілерін онша нақты жеткізе алмайды.
«3» деген баға: білім алушылар сабақтың қойылған мақсатын нашар орындайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздіктерге жол береді.
«2» деген баға: білім алушылар жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.