Н азар аударыңыздар! Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне «Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.
Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде апробациядан өткізілді және сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады.
Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі бір тоқсанда 1 рет өткізетін үш кездесуден тұрады.
Ата-аналарға арналған сабақтар, білім алушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс.
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:
– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;
– «Ата-аналарға арналған кітапша».
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР БҒМ сайтына орналастырылады.