Н азар аударыңыздар! Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстар сияқты спорттық іс-шаралардың қорытындысын білім алушылардың мектептеріндегі спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады.
2019-2020 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;
– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;
–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, мектеп журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.
Құрамына барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстарын жүргізуде.
2019-2020 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсының оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.