Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет8/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Назар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылы әр мектептің әкімшілігі
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спорт залдар, аудиториялық қор, білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету) т.б ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.
Сыныптарды топтарға бөлу педагогикалық кеңестің шешімімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен жұмыстың оқу жоспарымен іске асырылады.
1-3-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;

  • шетел тілі;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • өзін-өзі тану.

Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

  • шетел тілі;

  • информатика;

  • дене шынықтыру;

  • көркем еңбек.

2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын білім алушылар қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

  • қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;

  • шетел тілі;

  • информатика;

  • бейіндік пәндер;

  • технология;

  • дене шынықтыру.

МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау құқығы бар.

  • Неміс және француз тілдерінің үлгілік оқу бағдарламалары «2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілді.

Шетел тілін оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды бірлік, үздіксіздік және сабақтастықпен қамтамасыз ететін CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі: үйрену, оқыту, баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандағы үш тілді білім беру моделі CEFR аналогі болып табылмайды, бірақ көрсетілген құжатты негізге ала отырып оның идеясы мен негізгі ережелерін ұлттық білім беру жүйесінің нақты бір жағдайына бейімдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет