Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет16/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Оқу жүктемесін төмендету

Оқу жүктемесін төмендету мақсатында орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген.


Үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыттың көлемі шамамен екі есеге қысқартылды.
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарғысына сәйкес орта білім беруде оқу жүктемесінің төмендетілуіне байланысты шаралар қабылданды.
Осыған орай барлық сыныптарда жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі –ҮОЖ) әзірленді. ҮОЖ жобалары еліміздің барлық аймақтарының педагогикалық қоғамдастығымен талқыланып, келісілді.
Бастауыш мектепте жүктеменің төмендетілуі: 1, 2-сыныптарда – аптасына 2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.
Негізгі мектепте 5-7–сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9-сыныптарда 4 сағатқа қысқартылды. Инварианттық жүктеме барынша қысқартылып, білім алушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.
Білім беру ұйымдарына жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдаған кезде тереңдетіп оқыту үшін инвариантты компоненттен қосымша пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі. Осылайша, бірқатар оқу пәндерінің сағаттары қысқартылмайды.
1-11-сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнінің вариативке түсірілген 3 сағатының 1 сағаты міндетті түрде спорт ойындарын өткізуге арналады.
Бастауыш мектептің жүктемесі дамыту түріндегі жеке және топтық сабақтарды алып тастауға байланысты азайтылды, өйткені бастауыш сыныптарда, ең алдымен, бағдарламаның негізгі материалын меңгерту маңызды болып табылады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша «Жаратылыстану» пәні бастауыш мектеп курсына енгізілген. Бұдан бөлек, егер бұрын бұл пән тек 5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады.
Жүктемесін төмендетуге болатын пәндерді анықтауда, ең алдымен, коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі ескерілді. Бұл білім алушылардың тілдік теорияны жаттау емес, екінші тілде қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады дегенді білдіреді.
Осыған байланысты, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеуде коммуникативтілікке бағдарлану грамматикалық материалдарды айтарлықтай қысқартуға жол ашты.
Қазіргі уақытта 5-9-сыныптарда бейіналды даярлық жүргізілмейді, қабілеті әртүрлі балаларға арналған бір Үлгілік оқу жоспары әзірленді. Сондықтан 7-9-сыныптарда ҮОЖ әзірлеу барысында инварианттық компонентте жаратылыстану циклі пәнін меңгеруге бөлінген сағаттар саны қысқарды. Алайда, 7-9-сыныптардың ҮОЖ вариативті компонентіне инвариантты компоненттен таңдау бойынша пәндер енгізілді, әрқайсына 2 сағаттан. Барлығы – 6 сағат.
Осылайша, білім алушының инвариантты компоненттің тізімінен қосымша 3 пәнді таңдап алуына мүмкіндігі бар. Егер білім алушы, мысалы, физика, химия, биология пәндерін таңдайтын болса, бұл 2 сағат инвариантты компоненттің 1 сағатына қосылады. Осылайша, білім алушы бұл пәндерді 3 сағат көлемінде, яғни қолданыстағы ҮОЖ-мен салыстырғанда көп көлемде оқиды.
Білім алушының тереңдетіп оқуы үшін тілдік цикл пәндерін де таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер білім алушы мемлекеттік тілді, Мемлекеттік білім беру стандарты қамтамасыз ететін деңгейден де жоғары деңгейде білгісі келсе, Мемлекеттік стандартта әр пән бойынша инвариантты компоненттердің сағаттарына сәйкес минимум көрсетілетіндіктен, ол қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдай алады.
Қазақстан тарихы бойынша сағаттарға қатысты мәселелер. Қазақстан тарихынан әңгімелер бұрын 5-сыныпта оқытылатын болса, енді білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептің «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасына кіріктіріліп, 5-сыныптан бастап Қазақстан тарихы – ежелгі Қазақстан тарихы, 6-сыныпта – орта ғасыр тарихы, 7-сыныпта – жаңа заман, 8, 9-сыныптарда - қазіргі заман тарихы жүйелі оқытыла бастайды.
Қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша қазіргі заман 9-сыныпта оқытылады және оған 2 сағат бөлінеді. Сондықтан, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет