«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:
1) «Математика» – 5, 6-сыныптар;
2) «Алгебра» – 7-9-сыныптар;
3) «Геометрия» – 7-9-сыныптар;
4) «Информатика» – 5-9 сыныптар.
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.
43-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Апталық
|
Жылдық
|
5
|
Математика
|
5
|
170
|
5
|
Информатика
|
1
|
34
|
6
|
Математика
|
5
|
170
|
6
|
Информатика
|
1
|
34
|
7
|
Алгебра
|
3
|
102
|
7
|
Геометрия
|
2
|
68
|
7
|
Информатика
|
1
|
34
|
8
|
Алгебра
|
3
|
102
|
8
|
Геометрия
|
2
|
68
|
8
|
Информатика
|
1
|
34
|
9
|
Алгебра
|
3
|
102
|
9
|
Геометрия
|
2
|
68
|
9
|
Информатика
|
1
|
34
|
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
- әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
- есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;
- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты білім алушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.
Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен: білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
«Информатика» пәнін 5, 6, 7, 8, 9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушыларға білімін тәжірибе жүзінде тиімді пайдалану үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу үшін базалық білімдер, дағдылар мен қабілеттерін қамтамасыз ету.
Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталды: оқушыларда қоғамдағы ақпараттық процестердің рөлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын дамыту; ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, зерттеулер мен одан әрі жұмыс істеуде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту; оқушылар жүйені талдау, шешімдерді әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және олардың өнімдерін бағалау үшін компьютердің негізгі принциптерін үйренеді; Талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы түрлі тапсырмаларды шешу қабілеттілігін дамыту; оқушыларда логикалық, алгоритмдік және есептік ойлауды дамыту, соның ішінде қорыту және ұқсастығы, мәселені оның құрамдас бөліктеріне бөліп, жалпы үлгілерге бөліп, міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу; оқушылар арасында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - жеке тұлғаның және бүкіл Қазақстандық қоғамның мүдделерін ескере отырып, жалпы қабылданған ережелерді сақтау; пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту.
Оқушылардың білім беру және ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару керек. Жоба бойынша жұмыс істейтін оқушылар жеке-жеке немесе топпен жұмыс жасайды, мақсаттарды қойып, қажетті ақпаратты іздейді, гипотезаны ұсынып, дәлелдеуге, эксперимент жүргізуге, жасалған жұмыстың нәтижелерін ұсынуға, талдауға, бағалауға және өз жобаларын шебер қорғауға тиіс. Оқушылар Интернеттің қол жетімді ақпараттың көптеген көздерінің бірі екенін, әртүрлі дереккөздерден деректерді жинай алатындығын біледі.
Сонымен қатар оқушылар арасында танымдық қызығушылықты дамытуға, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерге, бағдарламаның компоненттерін өз бетінше пайдалану мүмкіндігіне және оқу курсының мазмұны арқылы білімін толықтыруға, технологиялық проблемаларға бағдарланған оқытуды қолдану мен өнертапқыштық проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға назар аудару қажет
«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін, білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні.
2019-2020 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда «Математика» пәнін қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша оқыған білім алушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.
Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз.
2. 6-сынып, «Математика» оқу пәні.
Достарыңызбен бөлісу: |