Өлшемшарттар
|
Дескрипторлар
|
Балдары
|
Тақырыпты ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі
2 балл
|
ұсынылған тақырыпты ұғынуы
|
1
|
эссе тақырыпқа сай келмейді
|
0
|
Проблеманы көрсетуі
|
1
|
эссе проблемасы ашылмаған
|
0
|
Дәйектемелер
3 балл
|
эссе тақырыбына сәйкес келетін көркем шығармадан алынған дәйектердің болуы,
|
1
|
көркем шығармадан алынған дәйектердің болмауы
|
0
|
Автордың ұстанымын нақтылайтын басқа дереккөздерден алынған дәйектердің болуы
|
1
|
автордың ұстанымын нақтылайтын басқа дереккөздерден алынған дәйектердің болмауы
|
0
|
автордың жеке көзқарасының болуы
|
1
|
автордың жеке көзқарасының болмауы
|
0
|
Композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі
3 балл
|
композияциялық тұтастықтың болуы, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды
|
1
|
тезистік бөлімнің болмауы
|
0
|
ішкі логиканың болуы, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге өту дағдысының болуы
|
1
|
логикалық байланыстың болмауы мағынасын түсінуге кедергі келтіреді
|
0
|
сонылық, ерекшелік (қызықты байланыстар, ойламаған бұрылыстар)
|
1
|
шығармашылық көрініс жоқ
|
0
|
Сөйлеу мәдениеті
2 балл
|
көркем – бейнелеу құралдарды және стилистік сөздерді, бай лексикасын қолдану
|
1
|
сөйлеудегі бірыңғай грамматикалық құрылым
|
0
|
эмоционалдылық, тіл шешендігі
|
1
|
сөйлеу тілінің жұтаңдығы
|
0
|
|
Барлық балдардың жиынтығы
|
10
|
Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша эссенің сауаттылығы келесі 90-кестеде көрсетілген өлшемшарттармен бағаланады. Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары келесі 90-кестеде келтірілген.
90-кесте. Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары
Өлшемшарттар
|
Дескрипторлар
|
Балдары
|
|
Орфография 3 балл
|
Орфографиялық қате жоқ, немесе 1 жеңіл қате
|
3
|
|
1-2 қате жіберілді
|
2
|
|
3-5 қате жіберілді
|
1
|
|
5-тен көп қате жіберілді
|
0
|
|
Пунктуация 3 балл
|
пунктуациялық қате жоқ, немесе 1 қате жіберілді
|
3
|
|
|
|
2-3 қате жіберілді
|
2
|
|
4-5 қате жіберілді
|
1
|
|
5-тен көп қате жіберілді
|
0
|
|
Грамматикалық норманы сақтау 2 балл
|
грамматикалық қате жоқ немесе, 1 қате жіберілді
|
2
|
|
2-3 қате жіберілді
|
1
|
|
4-тен көп қате жіберілді
|
0
|
|
Стилистикалық норманы сақтау 2 балл
|
стилистикалық қателері жоқ, немесе 1 қате жіберілді
|
2
|
|
2-3 қате жіберілді
|
1
|
|
3-тен көп қате жіберілді
|
0
|
|
|
Барлық балдардың жиынтығы
|
10
|
Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау төмендегі 91-кестеде келтірілген.
91-кесте – Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау
Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға
|
«2»
|
«3»
|
«4»
|
«5»
|
Мазмұны
|
0–3
|
4–6
|
7–8
|
9–10
|
Сауаттылығы
|
0-3
|
4-6
|
7-8
|
9–10
|
Осылайша, эссеге екі баға қойылады: мазмұнына және сауаттылығына. Бірінші баға «Қазақ әдебиеті» пәніне, екіншісі – «Қазақ тілі» пәні бойынша журналға қойылады. Қорытынды баға жылдық және емтихан бағасы негізінде қойылады.
Егер мектеп бітіруші таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдаса, әдебиет пәні бойынша алған бағасына емтихан тапсыру барысындағы тестілеу бағасы қосылады. Қорытынды баға жоғарыдағы принцип бойынша қойылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2019-2020 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
(1889 - 1931);
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991);
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (1894-1939);
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл (1924);
15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)
25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл (1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -1904).
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық көрді. Қаулыда 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 – 1988жж).
Достарыңызбен бөлісу: |