Тараптардың құқықтары Мектеп құқылы: 1. Ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын және оларды іске асыру жоспарларын әзірлеуге.
2. Жұмыстың мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтауға, оқу бағдарламаларын, курстарын, оқу-әдістемелік кешендерін таңдауға.
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында білім алушылармен сауалнама/сұхбат жүргізуге.
4. Мектеп Жарғысына сәйкес мектептің жұмыс тәртібін белгілеуге (сабақ кестесін, оқу аптасының ұзақтығын, демалыс күндерін және т.б.).
5. Мектеп жарғысы негізінде мектепке қабылдауды жүзеге асыруға.
6. Білім алушылардың ата-аналарынан баланың білімі мен мінез-құлқына бақылау жасауды, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Мектептің Жарғысының және аталған келісім-шарттың талаптарын сақтауды талап етуге.
Ата-аналар құқылы: 1. Мектеп Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға.
2. Балаға қатысты жанжалды жағдайларды шешу үшін сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне, педагогикалық кеңеске жүгінуге.
3. Мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшісінің білім алушыға қатысты шешімімен немесе іс-әрекетімен келіспеген жағдайда мектептің қоғамдық органдарына жүгінуге.
4. Мектеп ұсынатын тізімнен ағылшын тілінде оқуға арналған жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін таңдауға.
5. Білім алушы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы алуға.
6. Пилоттық жоба мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты қолжетімді формада алуға.