Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет179/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні
«АКТ» пәнін оқыту білім алушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін, АКТ-құзыреттілігін, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді.
4-сыныптағы «АКТ» пәні оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«АКТ» пәнінің пәнаралық, кіріктірілген сипаты бар. Ол АКТ-құзыреттілікті және жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастыруда бүкіл бастауыш білімнің өзегі болып табылады.
«АКТ» пәнін оқыту процесінде пайдаланылатын оқыту әдістері мен тәсілдері мынадай бола алады:

  • ойын арқылы оқыту;

  • «компьютерсіз» оқыту;

  • АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу;

  • шағын зерттеулер.

Осы пәнді оқыту процесінде келесі тақырыптарға жобалық жұмыстарды жүргізу ұсынылады: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, аудиожазбалардан, бейнежазбалардан, анимациялардан тұратын оқиғаларды құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б.
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде білім алушылардың бастапқы ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл пән – «География», «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін меңгеруге бағытталған кіріспе курс. «Жаратылыстану» пәні білім алушылардың қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға, ғылымды адам өмірінің сапасын жақсарту құралы ретінде ұғынуға, күнделікті өмірде білімді өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануға, табиғатқа қызығушылығын дамытуға бағытталған.
4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
4-сыныпта білім алушылардың алған білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдануы, дүниенің тұтас бейнесін қалыптастыруы және ондағы адамның орнын ұғынуы, оқушының адамдармен және табиғатпен қарым-қатынасындағы жеке тәжірибесінің мәнін түсінуі, қазақстандық қоғамның мәдени және конфессияаралық әртүрлілігі жағдайындағы жеке тұлғаның қабылдануы және рухани–адамгершілік дамуы маңызды болып табылады.
Зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» деп аталатын бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқытуда және оқу мақсаттарын жүзеге асыруда экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтайтын технологиялар, апаттардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударуға болады.
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 4-сыныпта Қазақстан тұрғындары өмірінің әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамыта түседі.
«Дүниетану» оқу пәні бойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
4-сыныпта тарихты білу және түсіну Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы оқиғалары, олардың себептері, динамикасы, сабақтастығы туралы білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеу, гипотезаларды ұсыну, қорытындылар жасау біліктері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.
Географияны білу және түсіну білім алушылардың қоршаған ортаны танудың ғылыми негіздерін меңгеруі және олардың бастапқы картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоғам туралы білім алу және қоғамның даму заңдары туралы түсінік қалыптастыру, ең алдымен, білім алушылардың әлеуметтік ортада жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіну екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды. Мысалы, 4.1.4.1, 4.1.4.2, 4.1.4.3, 4.1.4.4 оқу мақсаттары аясында.
Бағдарламада «мұражайдың өзіндік жобасын», «Қазақстан бойынша туристік маршрут», «Астана бойынша туристік маршрут» және т.б. құру қарастырылған. Сондай-ақ бөлімдердің мазмұнымен таныстыруда білім алушылардың ұжымдық, топтық, жеке жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады. Тек сабақ барысында ғана емес, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да жобалау жұмыстарымен айналысу ұсынылады.
4-сынып білім алушыларының жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударған жөн. Экологиялық тапсырмалардың ұсынылатын түрлері: «Біздің үйімізде тропикалық өсімдіктер тіршілік ете ала ма?», «Гүл сағаттары», «Гүл сағаттары неден сынуы мүмкін?», «Құстарға қалай тоңып қалмауға болады?», «Табиғат қауымдастығы туралы шығармашылық әңгіме», «Өсімдіктерді таны».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет