Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет180/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі міндеттері:
– әрбір адамның табиғатында бар жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

– адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп білім алушылары үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тарауларда қарастырылады:
- «Ғасырлар даналығы»;
- «Тату отбасы»;
- «Адам болам десеңіз»;
- «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.



Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

Ғасырлар даналығы

1-2

Адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік әлемі

3-4

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиев ілімдеріндегі өмірдің мақсаты

5-6

Адам бол!

7-8

Адамның ішкі сұлулығы

Тату отбасы

9-10

Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз

11-12

Отбасы дәстүрлері

13-14

Менің ұжымым

15-16

Ардақты ат

Адам болам десеңіз



17-18

Дербестік және жауапкершілік

19-20

Батылдық және табандылық

21-22

Ар-ұждан ғылымы

23-24

Мен азаматпын!

Қандай ғажап бұл әлем!

25-26

Табиғаттың сергітетін күші

27-28

Тірі су

29-30

Туған жердің әсемдігі

31-32

Жер – ортақ үйіміз




33-34

Балалық шақ мейрамы

Білім алушылардың білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында берілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пән бойынша сынақ қоюдың критерийі қызметін атқарады.




«Музыка» оқу пәні білім алушылардың музыкаға адам өмірінің бір бөлігі ретінде құндылықтық қатынасын қалыптастыруға, базалық музыкалық білім, біліктерді және музыкалық іс-әрекет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
4-сыныпта «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін; музыкалық сауат негіздерін; орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ-ны қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.
4-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

  1. «Музыка тыңдау, талдау және орындау» (Музыкалық сауаттылық; Музыканы тыңдау және талдау; Музыкалық жанрлар; Музыкалық формалар; Аспаптарда ойнау және ән айту);

  2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру»;

  3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау».

Музыка сабақтарындағы көркем-музыкалық тәсілдеме бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық іс-әрекет процесінде (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу әрекеті) музыкалық сауатын қолдану бойынша нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған білім алушының немесе білім алушылар тобының оқу-танымдық әрекеттерін қамтамасыз етеді.
«Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген, бұл пән арқылы «Технология және өнер» білім саласының мазмұны өнерді эстетикалық мәнмәтінде әлемнің біртұтас бейнесі ретінде эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылады.
4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелік ойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б.
«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет.
«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану болып табылады. Бағдарлама білім алушылардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.
4-сыныпта «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету және дене қасиеттерін дамыту болып табылады. Дене шынықтыру сабағының мәні өзара байланысты сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын нығайтуды, олардың дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруін, дене шынықтыру және спортқа деген эмоционалдық оң көзқарастағы қарым-қатынасты тәрбиелеуді, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында білім алушыларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін пайдаланған жөн. Сабақтарды жүргізу барысында қолданылуға болатын әдістері: жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, жеке әдіс, ауыспалы әдіс, топтық әдіс және т.б. Сабақта білім алушыларды ұйымдастырудың әрбір әдісі мұғалім белгілеген міндеттерге, сабақжағдайларына, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болады.
Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспе бөлімнен кейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады, жалпы дамыту жаттығуларынан кейін –50%-дан кем емес, негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес, қозғалыс ойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңында тамыр соғысы бастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғары болады.
Дене шынықтыру сабағының әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Оқу бағдарламарында қарастырылған шаңғы/ конькилік/ кросстық даярлық сабақтары аймақтардың климаттық жағдайына сәйкес өзара алмастырылады.
Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 4-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету жалғасады.
2018-2019 оқу жылы пилоттық мектептердің 4-сыныптарында 1, 2, 3-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.
Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, жүргізіледі. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырып, оны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына береді. Академия 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесе отырып, пилоттық және бақылау мектептері
4-сыныптарының білім алушыларына оқу жылының соңында «шығыс» диагностикалық тестілеу ұйымдастырады.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.
Екінші кезеңде алынған бастапқы деректерге талдау жасалады (қараша, қаңтар).
Бастапқы деректер талдауын Ұлттық білім академиясының қызметкерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.
Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды.
Мектептерге бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК-нің, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.
3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.
Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау жүргізіледі. 4-тоқсанның соңында 4-сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады.
Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр).
ҰБА оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдамаларға, ОӘК енгізетін өзгерістерді «НЗМ» ДББҰ үйлестіреді.
ҰБА бірлесе отырып, қорытынды есептерді және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.
Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым).
Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. Жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.
Енгізілген барлық өзгерістері бар құжаттардың соңғы нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынады.
Пилоттық мектептердің 4-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бастауыш мектеп деңгейіне қатысты бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен және әдістемелік-нұсқаулық материалдармен реттеледі.
Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша 4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау өткізіледі, Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді, бірақ мұғалім оқыту барысында оқу процесін дер кезінде түзетеді, білім алушылардың болуы ықтимал олқылықтары мен кемшіліктерін жиынтық бағалауды өткізгенге дейін жояды.
Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді.
Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата- аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. Дене шынықтыру бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пән («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») бойынша жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
1- қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет