Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің



бет183/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз, !25-БЖБ Жаратылыстану 6-сын қаз
13 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің
ЕРЕЖЕЛЕРІ (5-11-сыныптар)


I. Жалпы ережелер
«Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептер (бұдан әрі - Пилоттық мектеп) туралы (5, 11-сыныптар)» ереже (бұдан әрі - Ереже) ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде пилоттық режімде оқыту процесін реттейді.
Пилоттық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2016 жылғы 9 сәуірдегі өзгерістермен және толықтырулармен), сәйкес типтегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы Үлгілік ережелерді, аталған «Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептер туралы» ережені, білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып табылады.
Пилоттық мектеп – бұл, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастырудың нақты оқу-тәрбие процесі жағдайында ЖМЦ төрт пәнінің біреуін немесе бірнешеуін ағылшын тілінде оқытудың оң және теріс жақтарын анықтауға арналған инновациялық алаң.
Пилоттық мектеп ағылшын тілінде оқытылатын ЖМЦ пәндері мазмұнының, жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес болуына, білім алушылардың шекті оқу жүктемесінен аспайтын және өмір мен денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келетін көмекші құралдардың (формалар, әдістер, технологиялар және т.б.) оңтайлылығына жауапты.
Ережеде қолданылатын қысқартулар мен белгіленулер:
ЖМЦ – жаратылыстану-математикалық циклі.
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
ЖАО – жергілікті атқарушы орган.
ҰБА – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
CEFR – Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment – жалпы еуропалық шет тілін меңгеру құзыреттіліктері: оқу, оқыту, бағалау.
CLIL – Content and Language Integrated Learning –пән мен тілді кіріктіріп оқыту.
БЖБ – оқу пәнінің бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
ТЖБ – тоқсандық жиынтық бағалау.
Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер:
Пилоттық жоба – кең қолданысқа енгізудің орындылығы туралы әрі қарай шешім қабылдауды зерттеу мақсатында жүзеге асырылған сынамалы, эксперименттік шаралар мен құралдар жиынтығы.
Пилоттық режим - бұл шекті жүктемені қосалқы құралдармен анықтайтын процестің бір түрі.
Бірінші тіл (Т1) - мектептегі оқыту тілі. Олар Қазақстанда бесеу: қазақ (Т1), орыс (Т1), тәжік (Т1), өзбек (Т1), ұйғыр (Т1).
Екінші тіл (Т2) – оқыту орыс тіліндегі мектептердегі қазақ тілі (Т2) және оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі орыс тілі (Т2).
Үшінші тіл (Т3) – бұл шет тілі.
Мақсатты тіл – бұл, қазақ (Т2), орыс (Т2), ағылшын (Т3), яғни, екінші және үшінші тілдер. Пилоттық мектептерде мақсатты тіл - ағылшын тілі.
CLIL технологиясы - тілдік және тілдік емес пәндерді кіріктіріп оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет