Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет71/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Дене шынықтыруоқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.


Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес анықталған.
Оқыту мақсаты:
– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
– дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;
– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;
– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;
– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға және денсаулығы мен дене шынықтыруды жетілдіруге бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;
– «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;
– мұғалім апталық кестедегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
– дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:
а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;
ә) Президенттік тест бойынша нормативтерді орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп,орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым -2018 жыл 6 шілде);
– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл(1918 жыл 8 сәуір).
«Дене шынықтыру» пәні бойынша 9-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі
– аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет