Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс



бет73/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.


Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.

  • жаратылыстану-математика бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты;
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.
11 (12) - сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауда ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырады.
Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылды.
Эссе мазмұнында, ең алдымен, ойды анық және сауатты бере білуі, ақпараттың құрылымы, негізгі ұғымды қолдануы, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алуы, өз көзқарасын дәлелдей білуі бағаланады.
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мемлекеттік емтихан эссе түрінде берілді. Әртүрлі мәселелерге қатысты, белгілі бір құрылымға сәйкес топтастырылған он тақырыптан тұрады. Оның бесеуі әдеби тақырыптар, қалған бесеуі еркін тақырыптар.
Ұсынылған тақырыптардың тек біреуін ғана таңдау, содан кейін осы тақырыпта 250-300 сөз көлемінде эссе жазу қажет. Эссенің композицясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені сөйлеу нормаларын сақтай отырып, анық және түсінікті етіп жазу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет