Біз не білдік? Бөлім бойынша жиынтық бағалау.
|
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну
|
1
|
|
|
|
|
Біз не білдік?
|
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну
|
1
|
|
|
|
|
Жыл бойы өткенді қайталау
|
4.4.1.1 Жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну
|
1
|
|
|
|
|
Тоқсан бойынша
жиынтық бағалау.
|
4.4.1.1 Жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
4.4.2.1 Жекелеген ғарыш денелерін сипаттау
4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау
|
1
|
|
|
|
|
Жылдық қорытындылау
|
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру
|
1
|
|
|
Дүниетану
Түсінік хат
«Дүниетану» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
«Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарын білім алушыларға дарытудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.
«Дүниетану» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасының қоғам өміріндегі маңызы;
отбасы мүшелерінің функционалдық рөлі; отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстары;
отбасы бюджетін оңтайландыру жолдары;
мектеп және мектеп қауымдастығы;
мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдары;
көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер; менің атамекенім;
түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс);
өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері; денсаулық пен қауіпсіздік;
спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері;
спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауіптері; жасанды ортадағы қауіп-қатерлер;
жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау;
құқық және міндет;
Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы;
демократиялық құқықтар мен бостандықтар, міндеттер; мерекелер.
кәсіби мерекелердің тарихы;
2) «Елімнің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; нысанның басқа нысандарға қатысты орны;
глобус пен карталардың қолданылуы;
параллельдер, меридиандар, экватор;
климат және ауа райы; адамзат дамуына
климаттың әсері;
табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері;
өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекеттері; өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдылығы;
туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: «технологиялық прогресс» ұғымы анықтамасымен танысу; тарихи мұражайлардың қызметі; мұражайдың өзіндік жобасы; қазақ халқының шығу тарихы; сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар; шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны;
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм;
«Қазақстан» атауымен байланысты ұлттық бренд;
Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға;
білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін:
бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;
білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;
білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбилеуге;
білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.
«Дүниетану» оқу пәнін оқытудағы жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары.
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/Дескрипторлар
|
1
|
Отбасы туралы
Білім алушылардың отбасы туралы білімі тереңдетіледі, отбасы құндылықтарын ажыратады.
|
Отбасы туралы түсінік бере алады; Отбасы туралы құндылықтарды біледі.
|
2
|
Мәдениеттілік
Білім алушы мәдениет, мәдениеттілік туралы адамгершілік қасиеттерді ажырата алады.
Ұлттық мәдениеттің құндылыққа жататытын, әдептілік негізі болатынын ұғындыру.
|
мәдениет пен мәдниеттілік ұғымын ажырата алады;
ішкі мәдениет пен сыртқы
мәдениетті сипаттай алады;
ұлттық және өзге елдің мәдениеті туралы түсінігі қалыптасқан.
|
3
|
Денсаулық, жеке бас гигиенасы, тамақтану режимі туралы.
Денсаулықтың маңыздылығы, оны сақтаудың жолдары туралы білімін тереңдету.
|
жеке бас гшигиенасын сақтай біледі;
тамақтану режимін сақтай біледі; - денсаулықты сақтау шараларын біледі, қолданады.
|
4
|
Өмір қауіпсіздігін сақтау туралы білімін тереңдету
Табиғи апаттар туралы түсініктерін қалыптастыру
|
жолда жүру ережесін біледі;
алғашқы көмек көрсету туралы біледі;
өрт, су, газ қауіпсіздігін сақтау ережелерін біледі;
-табиғи қауіп-қатер туралы түсінігі қалыптасқан.
|
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
«Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау рәсімдері
|
ТЖБ
|
І тоқсанда
|
ІІ тоқсанда
|
ІІІ тоқсанда
|
ІV тоқсанда
|
Әр тоқсанда
|
4-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |