Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет131/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   185
Өзін-өзі тану
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – оқушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың критерийі болып табылады.
Аталған пәнді оқудың қорытындысы бойынша әрбір жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «сынақ» қойылады. Егер білім алушы білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кемінде 2/3-не сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алса, оған «сынақ» қойылады.
Оқушыға «есептелінді»/«есептелінген жоқ» белгілерін қоюда оның пән бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын талдауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет