Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын



бет91/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   185
Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ, өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, біліміне және т.б.) сүйенуімен дәйектеуге болады.
Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (сезімі мен тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.
Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.
Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.
Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.
Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):
- кіріспе;
- тезис, дәйектер;
- тезис, дәйектер;
- қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.
Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін. Дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:
- ұзақ кіріспе;
- детальдар санының жетіспеушілігі;
- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар;
- көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;
- автордың шынайы ойын көрсете алмайын ұзын сөйлемдердің болуы, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады;
- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мәні төмендейді.

39-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет