Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша



бет21/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
5. Қаржылық қамтамасыз ету
41. Халықаралық мектептің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс болып табылады.

Білім беру ұйымы қызметкерлерінің инновациялық қызметін ынталандыру үшін халықаралық мектеп еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дербес айқындайды.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «17» қыркүйектегі

№ 375 бұйрығына 5-қосымша



Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің

үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жатын орынды бере отырып жалпы орта білім алуды қамтамасыз етеді.

2. Интернаттық білім беру ұйымдары мынадай түрлерден құрылады:

1) жалпы үлгідегі:

мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуын қамтамсыз етеді;

әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамсыз етеді;

жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;

тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер оқушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді;

көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;

2) арнайы үлгідегі:

санаторийлік мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды, емдеуді, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

3. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:

балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік, табиғи, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру;

жалпы орта білім алу кезеңінде білім алушылардың тұруы үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету.

4. Интернаттық білім беру ұйымдарына жатын орын беріле отырып жалпы орта білім алу қамтамасыз етіледі:

1) жалпы үлгідегі:

мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

әскери мектеп интернат – конкурстық негізде жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін 15-16 жастағы ербалаларды қабылдауды жүзеге асырады;



жалпы білім беретін мектептің жанындағы интернат – тиісті жалпы білім беретін мектептері бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса тірек мектептеріне бекітілген шағын жинақты мектептер оқушыларын қабылдауды жүзеге асырады;

көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балаларды, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларды, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

2) арнайы үлгідегі:

1) санаторийлік мектпеп-интернат – облыстық, қалалық туберкулезға қарсы диспансер жанындағы жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және білім және денсаулық сақтау басқармаларының бағыттары бойынша оқу жылының басынан немесе жарты жылдықтан бастап 16-18 жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос орын болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Санаторийлік мектепте ауыстыру емтихандары жүргізілмейді.

Сыныптың толықтығы және 20 баладан көп емес топтар толық сауыққанға дейін (туберкулезға қарсы диспансердің есебінен шығарғанға дейін) кемінде бір оқу жартыжылдығында емдеуде болады. Балалардың болу уақыты медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға дейін созылуы мүмкін және комиссия қарайды. 1-5 сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11 сынаптарда – 40 минут. Әр сабақтың алдында дене тәрбиелік жаттығулар өткізіледі.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет