Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер қызметінің қағидалары
24. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта білім беретін оқу орындары.
25. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
26. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі тапсырмаларды іске асырады:
1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;
2) оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау;
3) гимназия және лицей сынып окушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;
4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;
5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;
6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру;
27. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық бағытта болуы мүмкін.
28. Мектеп-лицейдің бағыттары: жаратылыстану-математикалық, экономикалық, сондай-ақ көпбейінді болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |