4. Халықаралық мектепті басқару
38. Халықаралық мектепті басқару осы Үлгілік қағидаларына, мектептің Жарғысына және құрылтайшылық құжаттарына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерінде жүзеге асырылады.
39. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.
Халықаралық мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым халықаралық емтихан алушыларды, тренерлерді, сарапшыларды қосқанда жоғары білікті қазақстандық және шетелдік педагогтер санынан құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |