Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша



бет19/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
3. Оқу-тәрбие процесі
26. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып дербес әзірленген білім берудің біріктірілген оқу бағдарламаларын іске асырады.

27. Негізгі мектептің оқушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және мектептің Жарғысына сәйкес мемлекеттік және/немесе халықаралық сыртқы аттестаттауға қатысады. Негізгі мектептің курсы үшін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен негізгі мектептің бітірушілеріне негізгі мектепті бітіргені туралы мемлекеттік және/немесе халықаралық үлгілердегі құжаттар беріледі.

28. Халықаралық мектепті аяқтағаннан кейін білім туралы құжат алған жоғары мектеп оқушыларына бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар беріледі. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шкала бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру жолымен белгіленеді.

29. Халықаралық мектепте оқыту мен тәрбиелеу жүргізілетін тілді (тілдерді) құрылтайшы (құрылтайшылар), мектептің Жарғысы және тіл саясаты айқындайды.

30. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы мектептің білім беру бағдарламасына қосу үшін міндетті пәндер болып табылады.

31. Халықаралық мектеп сыныптар мен топтардың қажетті санының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасаумен оқушылардың оқу тілін таңдау құқығын іске асырады.

32. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес халықаралық мектеп оның мәртебесін айқындайтын негізгі оқу бағдарламаларының шегінен тыс қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруы және қосымша білім беру қызметтерін көрсетуі мүмкін.

33. Халықаралық мектепте білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, мектеп дербес әзірлейтін жұмыс оқу жоспары және/немесе кіріктірілген білім беру бағдарламалары негізінде құрылады.

34. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының заңнамаларына және мектептің Жарғысында белгіленген шектерде оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.

35. Халықаралық мектеп оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін бағалаудың біріктірілген қазақстандық және/немесе халықаралық жүйесін пайдаланады.

36. Жылдық күнтізбелік оқу кестесін халықаралық мектеп дербес, құрылтайшымен (құрылтайшылармен) келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.

37. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтылықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар функционалды сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет