2. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру
5. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Медициналық персонал балалардың денсаулығын сақтауды және күшейтуді, профилактикалық іс-шаралар өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен тамақтануға бақылауды қамтамасыз етеді, тәулік бойы балалардың келуін ескере отырып, жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастырады.
7. Белгілеген нормаларға сәйкес оқушылар киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, жазу керек-жарақтарымен, ойыншықтармен, ойындармен қамтамасыз етіледі.
8. Интернаттық білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаға, Жарғыға және ішкі тәртіптің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Интернаттық ұйымдар оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде, ауыстыруда, білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруда дербес.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта консультациялық пункттер, кәсіби мектептердің арнайы топтары, білім алушылардың қосымша еңбектік даярлау мен қайта даярлау орталықтары ашылуы мүмкін.
10. Интернаттық ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланады.
12. Интернаттық білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қаржылық және материалдық қаражаттардың қосымша көздерін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, оны қаржыландыру нормативтері мен абсолюттік көлемдерінің қысқаруына әскеп соқтырмайды.
13. Интернаттық ұйымдар көмекші ауыл шаруашылығын, оқу тәжірибелік участкелер, оқу-өндірістік шеберханалар құра алады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы « 17» қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |