Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша



бет3/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
2. Мектептердің қызметінің тәртібі
6. Мектепке қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мектеп жергiлiктi атқарушы органның ұсынысы бойынша, бекітілген аумақ шегiнде мектепке дейiнгi жастағы және мектеп жасындағы балаларды дербес (аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргiзедi.

8. Мектептің персоналын жинақтау тәртібі оның жарғысымен және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен регламенттеледi.

9. Мемлекеттік мектептерде штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.

10. Мектепке педагогикалық жұмысқа мамандығы бойынша біліктiлiк сипаттамасының талаптарына сәйкес келетiн және білімi туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттармен расталған қажеттi кәсiптiк-педагогикалық біліктiлiгi бар тұлғалар қабылданады.

11. Мемлекеттік мектептерде білімалушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. Мектеп екіжақты халықаралық келісімдердің негізінде шетелдiк білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орната, ынтымақтастық туралы екіжақты және көпжақты шарттар жасай, білім беру саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiре алады.

13. Мектептегі білім берудiң мазмұны МЖБС-ға сәйкес әзiрленетiн және iске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады.

Базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.

14. Мемлекеттік емес мектепте жылдық күнтізбелiк оқу кестесi оның жарғысымен айқындалады.

15. Мектептегі сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.

Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

Мектептегі сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

16. Мектептің барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі.

17. Мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, «сатылы» оқу сабақтары үшін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45-минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар ұйымдастырылады.

Мектептерде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан және негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды.

18. Мектептерде қажет болған жағдайда мектепке дейiнгі шағын орталықтар және бір жылдық мектепалды сыныптар, гимназия, лицей және бейінді сыныптар ашылады.

19. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда және мектеп алды сыныптарда білім беру процесі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қызмет түрлерін: ойындар, құрастырулар, сурет салу, музыка, театрландыру және басқа да қызметтерді ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ балаға жеке тұрғыда қарауды, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі топтарда жұмыс жасауды іске асыруды қарастырады.

20. Бастауыш мектеп негізгі және орта мектептің құрамында немесе қажетті материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық ресурстары бар болған жағдайда жеке мектеп ретінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте тіркеледі.

21. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

22. Бастауыш мектепте директор лауазымы 8 немесе одан көп сынып-комплекті және кемінде 240 оқушы болған жағдайда белгіленеді.

23. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.

24. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет