Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымы қызметінің тәртібі



бет7/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымы қызметінің тәртібі

25. Жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

26. Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен (бөлімімен) келісіледі.

27. Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

Гимназиялық компонент:

1) әрбір гимназияның жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.

28. Гимназия мен лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы қажет.

Сыныптар мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, информатика және есептеу техникасы, ырғақ, дене шынықтыру, еңбекке баулу пәндерін оқығанда, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстар жүргiзгенде 2 топқа бөлiнедi.

29. Гимназиялардың және лицейлердің вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

Лицей компоненті:

1) әрбір лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

2) лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.

30. Гимназияларда, лицейлер мен бейіндік мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және оларды басқару осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

31. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен, шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділік танытқан оқушыларға лицей қорынан, жоғары оқу орындарынан түскен және басқа да қаражаттан стипендия тағайындалады.

32. Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.

33. Оқушылардың сабақтан тыс қызметі клубтарда, ғылыми қоғамдарда, жоғары оқу орындарының әртүрлі зертханаларында және басқа да бірлестіктерде жүзеге асырылады.

34. Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитариялық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.

35. Гимназия, лицей, бейіндік мектеп үлгілік штат негізінде құрылған жеке штаттық кесте бойынша жұмыс істейді.

36. Гимназияға, лицейге, бейіндік мектепке жалпы басшылықты құрамына тиісті жоғары оқу орнының өкілдері кіретін гимназияның Кеңесі немесе педагогикалық кеңесі жүзеге асырады.

37. Гимназия, лицей және бейіндік мектепті тікелей басқаруды мемлекеттік меншік нысаны жағдайында тиісті білім беруді басқару органы тағайындайтын білім беру ұйымының басшысы жүзеге асырады.

38. Оқушыларды қабылдауды, мінез-құлықты дамыту мен түзету жағдайын бақылауды ұйымдастыру үшін еңбекақы төлеу қорында тиісті жылға қарастырылған есепте және шекте психологиялық-талдамалық қызмет құрылады.

39. Бейіндік мектептердің оқу жоспарлары жеке өзіндік дамуды, коммуникативті қабілеттерді, ақпараттар мен технологияларды қолдануды, мәселелерді шешуді, тапқырлық пен шығармашылықты қалыптастыратын білім алудағы дербестікті қамтамасыз ететін білім берудің вариативтілігін қарастырады.

40. Үлгілік оқу жоспарының вариативті компонентін іске асыратын қолданбалы курстардың және таңдау бойынша курстардың оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.

41. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие процесі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және оның іске асырылуын бақылау негізінде ұйымдастырылады.

42. Бейінді пәндерді жүргізу кезінде сынып оқушыларының саны қалалық бейіндік мектептерде 25 және одан көп, ауылдық бейіндік мектептерде 20 және одан көп болса, сыныпты екі топқа бөлу жүзеге асырылады.

43. Таңдау бойынша курстарды жүргізу кезінде білім алушылар тобы жеке 11 және 12-сынып білім алушыларының санынан жинақталады.

44. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

45. Бейіндік мектептегі тәрбие жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сондай-ақ функционалды сауаттылықты, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

46. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.

47. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің адами қасиеттерін өзара сыйлау негізінде жүзеге асырылады.

48. Бейіндік мектептер сынып ұжымын фронтальды оқыту формасынан интерактивті, инновациялық, жобалау-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды пайдалана отырып, әр оқушының жеке білім алу траекториясын іске асыруға көшуді қамтамасыз етеді.

49. Бейіндік мектептер Заңға және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, мамандарды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметтерді іске асыруда дербес болып табылады.

50. Бейіндік мектептер білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

51. Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес анықталады.

52. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бейіндік мектеп ақылы негізде ақылы қызметтерді көрсету туралы келісім жасай отырып, қосымша білім беру бағдарламаларын ұсынуға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес МЖБС талаптарынан тыс қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы.

53. Бейіндік мектептерде алқалық басқару органдары құрылады. Алқалық басқару нысандары: қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер, ата-аналар комитеті және т.б. болып табылады.

54. Бейіндік мектептің ұйымдастыру құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру үлгісінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.

55. Бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым жоғары білікті педагогтерден: жоғары санатты мұғалімдерден, магистрлерден, сондай-ақ ғылым кандидаттары мен докторлардан құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет