Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру»



бет2/6
Дата18.06.2017
өлшемі1,05 Mb.
#19322
1   2   3   4   5   6




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді

1.2.8.8.

Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін білу және басқаларының рөлін анықтап тани бастау



Рөлдік-сюжеттік қозғалмалы ойындар








(Б, Т) Балалар шеңберде отырады немесе тұрады. Алаңның бір жағында ішінде «балапандар» мен «ұя басқан тауықтар» отырған «тауық күркесі» орналасқан. Екінші жақта «үлкен құс» (оқушылардың біреуі) отыр. «Ұя басқан тауық» «күркеден» шығып, тамақ іздеуге кетеді.

Ол «балапандарын» «Ко-ко-ко» деп шақырады, «балапандар» «күркеден» шығады да, бірге алаңда қыдырады («дән шоқыған» болып иіліп, тізерлейді, т.б.). «Үлкен құс ұшып келе жатыр» деген мұғалімнің бұйрығы бойынша «балапандар» үйге қашады.


(Б, Т) «Екі аяз» рөлдік-сюжеттік ойыны. Бөлменің екі жағында екі «қала» сызықпен белгіленеді. Бір «қалада» барлық ойыншылар жиналады. Ойыншылардың арасынан екі оқушы таңдалады да, «жүргізуші – екі Аяз» болады. Олар ойыншыларға қарай бұрылып, былай деп айтады: «Біз – ағайынды қос жаспыз, қос Аяз – ақылды баспыз, Мен – Қызыл Мұрын Аязбын, Мен – Көк Мұрынды Аязбын, жолға шығар қайсың бар, кім батыл, ал, айтыңдар?»

Оқушылар хормен жауап береді: «Біз сендерден қорықпаймыз, біз аязды құрықтаймыз!» Содан соң, бір қаладан екінші қалаға жүгіре бастайды. «Аяздар» оларды ұстай бастайды. Қолға түскендер «мұз болып қатып қалды» деп саналады. Ол ұсталған жерінде қалып, айқара жайылған қолдарымен жүгірушілердің жолын бөгеп тұруы тиіс. Егер «мұз болып қатқандар» көбейіп, жүгіруді қиындатса, ойын тоқтатылады.

Бірде-бір рет «мұз болып қатпағандар» жеңімпаз болып айқындалады.


Тек белгі бойынша қашуға болады.

«Үлкен құстың» қолына түскен «балапандар» ойыннан шығады.

Оқушылардан сұраңдар: Физикалық белсенділік өздеріңді едәуір бақытты болып сезінуге әсер ете ме? Қолға түсу үшін сендерге не істеуі қажет?

1.Жүгірісті речетативтің аяқталғанынан кейін бастауға болады. 2.қала сыртында «мұз болып қатыру» саналмайды.

Сұраңыз: Олар өздерін бірінші не екінші топта қалай қаншалықты еркін сезінді? Рөлдер біріне-бірі ұқсай ма? Олардың айырмашылығы неде?


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң

Арқан немесе сәкі

http://nsportal.ru/detskiy-sad/raznoe/2012/11/19/karoteka-podvizhnykh-syuzhetnykh-igr

ресурс (подвижные игры)

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң

http://nsportal.ru/detskiy-sad/raznoe/2012/11/19/karoteka-podvizhnykh-syuzhetnykh-igr

Ресурс (қозғалыс ойындары)




1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

1.1.2.2. Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

Бірқатар қимыл-қозғалыс дағдылары
















(Б, Т) Оқушылар «Кім қуып жетеді?» ойынын ойнайды. Командалардың тапсырмасы – мұғалімнің белгісі бойынша, өздерінің алдында он қадам жерде сызылып тұрған сызыққа бір аяқта секіріп жетуі тиіс.

Содан соң топтар кері бұрылып, артқа секіреді.

Шекараға бірінші жеткен команда жеңіске жетеді.

Бір аяқта секіріп, екіншісін аяқ буынынан ұстап бүгіп тұру сияқты тапсырма беріп, ойынды қиындатуға болады.




(Б) «Ғарышкерлер» ойыны.

Балалар шеңберді айналып былай дейді:

Сансыз жұлдыз бен планета,

Күтеді бізді ракета.

Бірін таңдап ұшамыз,

Жұлдыздарды құшамыз.

Бір құпия, көңіл тоқ,

«Кешіккенге» орын жоқ!

Соңғы сөз айтылғаннан кейін, барлығы «ракетодромдарға» қарай жүгіреді де, алдын-ала сызылып қойған «ракеталарда» орын алып қоюға тырысады.

Сапарға кешіккендер ортақ шеңберге тұрады да, орын алған «ғарышкерлер» 3 рет дауыстап, өздерінің бағыттарын айтады. Содан соң, барлығы қайтып шеңберге тұрып, қол ұстасады да, ойын жаңадан басталады.

Үш рет ұшқан оқушылар жеңіске жетеді.


Ойыншылар бөлменің бір қабырғасын жағалай сап түзейді. Олар беске бөлініп, қол ұстасады. Бұл командалар.

Ережелер: 1. Қос аяққа тұруға болмайды. 2. Ойыншылар қолдарын жазбау керек. 3. Ережелерді бұзған жағдайда, командаға жеңіліс жазылады.


Бөлменің бұрыштарына және шеттеріне 5-8 үлкен үшбұрыш – «ракетодромдар» сызады. Әрбір «ракетодромдардың» ішіне 2-5 шеңберлер – «ракеталар» сызады. Ортақ саны ойыншылардың санынан 5-8 рет аз болуы тиіс. Әрбір «ракетодромдардың» шетіне бағыттарын жазып қоюға болады, мысалы:

Ж-А-Ж (Жер – Ай – Жер);

Ж-М-Ж (Жер – Марс – Жер);

Ж-Н-Ж (Жер – Нептун – Жер);

Ж-Ш-Ж (Жер – Шолпан – Жер);

Ж-С-Ж (Жер – Сатурн – Жер).

Ойын ережелері: 1. Ойынды тек мұғалімнің белгісі бойынша бастайды.

2. «Кешіккенге» орын жоқ! деген сөздерден кейін ғана жүгіреді.


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, бор

http://fizkult-ura.ru/sci/mobile_game/7

ресурс (қозғалмалы ойындар)


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, бор


2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді
2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын біледі және түсінеді

1.2.1.1. Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын біледі және түсінеді

1.2.3.3. Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды біледі және бөліседі

Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары







(Б) «Түлкі мен тауықтар» ойыны. Бөлме ортасында рейкаларымен жоғары қаратылған төрт гимнастикалық сәкілер орнатылады, бұл – «тауық бақан». Бір жүргізуші – «түлкі» мен бір – «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар – «тауықтар». Бөлменің бір бұрышына «іннің» сұлбасы сызылады, оның ішіне «түлкі» кіреді. Екінші бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанды» айнала жайғасады.

Бірінші белгі бойынша, «тауықтар» біресе «бақанға» қонақтап, біресе жерге түсіп, болмаса, «тауық күркені» айналып жүре бастайды. Екінші келісілген белгі бойынша «түлкі» «тауық күркеге» жақындап, бір аяғымен болса да,жерге тиіп тұрған «тауықты» аулай бастайды. «Түлкі» ұсталған ойыншыны қолынан жетектеп, «ініне» алып келеді. Егер жолында «аңшы» кезіксе, «түлкі» тұтқынын босатып, «ініне» қашады. Қолға түскен «тауық» «күркесіне» оралады да, қалған «тауықтар» «бақаннан» түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, онда жаңа «түлкі» таңдалады. 4-6 рет ойнайды. Бір рет те қолға түспеген ойыншылар жеңіске жетеді. 1 суретті қараңыз.



(Б) «Компас» ойыны. Еденге диаметрі 2-3 метр шеңбер сызады. Шеңберден 3 метрдей ара қашықтықта компаспен келістіре отырып, жер бағыттарын сызады (белгілейді): С (солтүстік), О (оңтүстік), Б (батыс) және Ш (шығыс). Ойыншылар центрге арқаларын беріп, жүргізушінің «Оңтүстік!», «Солтүстік!», «Батыс!», «Шығыс!» деген бұйрықтарын тыңдайды. Мысалы, «Солтүстік!» деген бұйрықты естіген кезде, оқушылар солтүстікке бұрылулары қажет. Беттерімен оңтүстікке қарап тұрған ойыншылар 180 градусқа бұрылады, ал қалғандарына оңға не солға жартылай бұрылса болды.


1. «Күркеге» жүгіріп келіп, «түлкі» тек қана бір ғана «тауықты» ұстай алады. 2. Жүргізушінің белгісі бойынша, «түлкі» «тауықты» ұстаған-ұстамағанына қарамастан, «күркеден» кетуі керек. 3. Сәкіде тұрған ойыншылар біріне-бірі көмек көрсете алады (қолдай алады).

Сұраңыз: Бізге ойындарда ережелер не үшін қажет екендігін айта аласыз ба? Сіз ойын ережелерін қадағаладыңыз ба?

Мұғалім әр түрлі бұйрықтар береді, оқушылар сәйкесінше айтылған күйге тұра қалады. Қателескен адам (басқа жаққа бұрылған) айыппұл ұпайларын алады. Едәуір аз айыппұл ұпайларын жинаған ойыншы жеңімпаз саналады.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, 4 сәкі

.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, бор




3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

1.3.5.5. Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтайды

Дене тәрбиесінің пайдасы






(Б) «Балықшылар мен балықтар» ойыны. Оқушылар шеңберге тұрады, ортаға қолында секіртпесі бар «жүргізуші» шығады. Секіртпені бір ұшынан ұстап, оны бір ұшы оқушылардың аяқтарының астынан өткізіп, сол кезде оқушылар ыршып секіретіндей етіп айналдыра бастайды. Тобығынан жоғары денесіне секіртпе тиген ойыншы ойыннан шығады. «Жүргізуші» секіртпені тағы да айналдыра бастайды. Өзі онымен қоса айналмайды, тек отырыңқырап, арқа жағынан ұстай алады.


Ойынның екінші нұсқасында «жүргізушіні» алмастыру қарастырылады, секіртпе ойыншылардың аяғына тиген кезде, ол «жүргізушіні» алмастырады да, соның орнына келіп тұра қалады.

Мұғалім дене шынықтыру сабақтарында дене жаттығуларының адамға пайдасы туралы ақпаратпен таныстырады.

Барлығы секіртпені айналдыра білуі керек (отыра қалып, алдан және арттан ұстай алып). Жабдық бойынша дифференциация: секіртпенің ұзындығы 2,5 метр, бір ұшына салмағы 150-200 грамм құм құйылған қапшық байланған жіппен алмастыруға болады

Сұраңыз: Сіз өзіңізді осы жаттығулардан кейін қалай сезінесіз ... қалжыраған ... екпінді ... бақытты? Физикалық белсенділік бізге өзімізді бақытты сезінуге жәрдемдесе ала ма?


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң. Мұғалімге арналған ысқырғыш. Секіртпелер, жіп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет