Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру»



бет3/6
Дата18.06.2017
өлшемі1,05 Mb.
#19322
1   2   3   4   5   6




Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

3-бөлім: Гимнастикалық жаттығулар арқылы креативтілік және сыни тұрғыдан ойлау

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар гимнастикамен айналысу үшін үйлестіру қабілеттерін, гимнастикалық снарядтарда қозғалыс дағдыларын дамытады.

Контекст

Осы бөлімде оқушылар күш дағдысын әр түрлі денеге түсетін ауырлық арқылы дамытады, құрсауды пайдаланып, гимнастикалық жаттығулар орындайды, үйлестіру мен тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар ойнайды.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • денені басқарудағдыларын еденде және қарапайым гимнастикалық снарядтарда сипаттау және көрсету

  • домалау, аунап түсу

  • кеңістік/бағыт: артқа, алға, бір шеттен екінші шетке

  • динамика: жылдам, баяу

  • тізе, аяқ, құрсақ, арқа, қол

  • байланыс, идеялар, әрекеттер, реттілік

  • шапшаңдық, тепе-теңдік, үйлестіру, күш, жылдамдық

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Аталмыш іс-әрекет біздің күшіміз бен шапшаңдығымызды қалай дамытады?

  • Сіз аталған физикалық қабілеттерді білесіз бе: шапшаңдық, тепе-теңдік, үйлестіру, күш, жылдамдық?

  • Снарядтарда жаттығуларды қалайша қауіпсіз орындауға болады?

  • Кеңістіктегі өзгеріс пен гимнастикадағы динамиканы көрсету неліктен өте маңызды?

  • Денеміздің жоғарғы жағы гимнастикада, ал қолымыз күшті болу керектігі бізге не үшін қажет?

  • Бізге гимнастикада үйлестіру не үшін қажет екендігін айта аласыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Осы бөлім гимнастикалық элементтерді жеке және жұпта дұрыс пайдаланудың дағдыларын алуға, қолдың күшін дамытуға және жаттығуларды қарапайым гимнастикалық снарядтарда орындауды зерттеуге бағытталған. Оқушыларға денені басқару дағдыларын дамытуға көмектесетін бірнеше топтық әрекеттер пайдаланылады. Оқушылар жұпта және үлкен топтарда жұмыс дағдыларын мұғалімнің басқаруымен ойын негізінде үйренеді.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды

1.3.2.2. Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтыру-дың маңызын сипаттайды.

Қауіпсіздік ережесі

Сымбат және үйлестіру







(К, Б) Сымбатқа арналған жалпы дамыту жаттығуларын (ЖДЖ) үйрену.

Оқушылардың омыртқасының қисаюына әкеліп соқтыратын негізгі себептерді атап шығу:



  • қарқынды өсу кезеңінде омытқаға көп күш түсу (компьютер немесе парта алдында дұрыс емес отыру);

  • қимыл-тірек аппаратына нұқсан тигізетін сырқаттар (туберкулез, остеохондроз, сүйектердің ісігі, мешел);

  • адамды болып жатқан оқиғаларды көру үшін алға қарай иілтуге мәжбүр еткен көз жанарының төмендеуі;

  • дұрыс емес жұмыстағы дене тұрысы;

  • әлсіз бұлшықетті қаңқа;

  • арқа жарақаты.


(К, Б) Оқушылар еліктеу жаттығуларының кешенін орындайды

Жаттығу I. «Өс, көкорай шөп».

Б.қ. – қолдар иыққа.

1-2 – аяқ ұшына тұрып, қолдар үстіне-астына;

3-4 – Б.қ.-қа оралу – тынысшығару.

Жаттығу II.«Саңырауқұлақ».

Б.қ. – төмен тізерлеп отыру, тізені қолымен құшақтау.

1-2-3- асықпай түрегелу, қолдар екі жаққа – тынысалу;

4 - Б.қ.-қа оралу – тынысшығару.

Жаттығу III.«Отыншы».

Б.қ. - аяқ алшақ, қолдар төменде «құлыпта».

1-2 - қолдар жоғары тыныс алу («балтаны сермеу»);

3 - жылдам алға еңкею, қолдар төмен – тыныс шығару (дауыстап «ха!» деу);

4 – Б.қ.

Жаттығу IV.«Сорғы».

Б.қ. – аяқтар алшақ.

1 – қолдарды бүйірге сырғытып, солға баяу иілу: сол қол төмен, оң қол қолтық астына (сорғының ысылдаған дыбысын келтіру);

2 - Б.қ.-қа оралу – тынысшығару;

3-4 – дәл осыны басқа жаққа істеу.

Жаттығу V.«Тікұшақ».

Б.қ.аяқтар алшақ, қолдар жан-жаққа.

1 – солға бұрылу

2 – Б.қ.;

3-4 – дәл осыны оңға істеу.

Жаттығу VI.«Шартылдақтар».

Б.қ. - о.с., қолдар екі жаққа – тынысалу.

1 – оң аяқты алға сермеу, астынан шапалақ ұру – тынысшығару;

2 – Б.қ.;

3-4 – дәл осыны сол аяқпен істеу.

Жаттығу VII.«Торғайлар».

Б.қ. - о.с., қолдар белде.

1-2-3- бір орында тұрып секіру;

4 - оңға бұрылып секіру.

Болжалған іс-әрекет түрлеріне байланысты өзін-өзі ұстау ережелерін айту.

Сымбатқа арналған ЖДЖ кешені гимнастикалық таяқтың не өзге заттардың көмегімен жүзеге асырылады.

Жаттығулардың дұрыс, бірқалыпты орындалуын қадағалау.

Демді бақылау



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.

https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81+%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B9+%D0%BD%D0%B0+%D0%BE%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%BA%D1%83&espv=2&biw=1366&bih=609&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ved=0ahUKEwiVl6Hy0qPLAhXpYJoKHdHICXwQsAQIKw -

ЖДЖ кешені


Кең алаң


http://fizkultura-na5.ru/komleksy-oru/metodika-provedeniya-i-kompleks-oru.html -

ресурс (ЖДЖ кешені)



1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.1.2.2.

Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі



Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену







(Б, К, Тәж) Оқушылар төсеніште қарапайым гимнастикалық жаттығуларды үйренеді.

Теңіз бір тербеледі.

Нұсқа 1

Санамақтың көмегімен «жүргізуші» таңдалады. Ол артқа бұрылып, былай дейді:



«Теңіз бір тербеледі, теңіз екі тербеледі,теңіз үш тербеледі, теңіз фигурасы, орныңда қат!»

Нұсқа 2

Бастамасы бірінші нұсқада сияқты, тек осы жолы сұлба жүргізушілерге беріледі. Ол былай дейді:

«Теңіз бір тербеледі, теңіз екі тербеледі, теңіз үш тербеледі, ТЕҢІЗ ФИГУРАСЫ, орныңда қат!»

Содан кейін жүргізуші барлық ойыншыларды аралап шығып, барлығын кезек-кезек «тірілте» бастайды. Әрбірі ТЕҢІЗ ФИГУРАСЫНЫҢ өзіндік нұсқасын көрсетеді. Содан соң, жүргізуші ең үздік фигураны таңдайды да, ол «жүргізуші» болады.



Бұл кезде оқушылар қолдарын екі жаққа жіберіп, тербетіліп айнала бастайды. «Қат» деген сөзде теңіз тақырыбына қатысы бар кез келген зат не жануарды көрсеткен күйде қатып қалады. Бл кеме, таңқы шаян, дельфин, теңіз қарақшысы, шағала, т.б. болуы мүмкін. Ойынға жүзгіштің, мәнерлеп сырғанаушының, футболшының, гимнастың (спортшы) «фигураларын» қосу. Бұдан әрі жүргізуші ойыншылардың біріне жақындап, оған «жан бітіріп» қолын тиізеді. Оқушы өзінің «дүниетанымын» көрсетіп, қозғала бастайды, ал жүргізуші оның қимылдарынан ойыншының қандай сұлбаны көрсетіп тұрғанын анықтайды.

Аса қатты көрсете алмаған ойыншы «жүргізушіге» айналады да, ойын жаңадан басталады. Оқыту бойынша дифференциация: теңіз фигурасының орнына өзге құс, аң, көлік, ғарыш фигуралары болуы мүмкін. Таңқы шаян тек мысал үшін берілген..



Гимнастикалық төсеніштер.

Кең алаң.



http://loopy.ru/?def=%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5+%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B – гимнастикалық сұлбалар

Кең алаң. Гимнастикалық төсеніштер, мұғалімге арналған ысқырғыштар.



1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.1.5.5. Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады


1.1.4.4. Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі

Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу







(Б, К) Балалар гимнастикалық сәкілерде орын ауыстырудың әр түрлі тәсілдерімен танысады.

«Парашютистер» рөлдік- сюжеттік ойыны.

Оқушылар тосқауылдардың гимнастикалық сызығынан парашют (мектеп рюкзактарын) асынып өтеді.

Гимнастикалық сәкіден әр түрлі тәсілмен өту.

«Төмпешіктерден» секіру (құрсаудан құрсауға).

Гимнастикалық сәкі мен гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеу.

Гимнастикалық сәкінің астымен еңбектеу.

«Парашютпен» секіру (гимнастикалық сәкінің үстінен). Алаңқайда жиналу, дамылдау (гимнастикалық төсеніштердің үстінде).
(Б,Ж) «Даршы». Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Алаңда ұзындығы 6 метр сызық сызады (сызық бірінші тіке келеді де, сосын бұрылыстармен және иректермен кетеді). Сызықтың бойымен арқанның үстімен жүрген сияқты өту қажет. Қолдарды екі жаққа жіберуге рұқсат беріледі.

Қозғалу кезінде жіберген қателіктер жөнінде оқушылармен ой-талқы.



Снарядтармен жұмыс барысында оқушылардың есіне тағы да қауіпсіздік талаптары туралы салып кетіңіз.

Сәкі үстінде тепе-теңдікті ұстау жаттығуына бөгет ретінде секіртпелер, таяқтар (аттап өту үшін немесе қарғу үшін), ауамен үрленген доптар (оларды аттап өту үшін) және т.б.

Аялда ойын нәтижелерін шығару.

Қауіпсіздік талаптары: ойын тапсырмасын орындамас бұрын мұғалім оқушыларға олардың қауіпсіз орындалуын ескертеді.

Оқыту бойынша және жабдық бойынша дифференциация: егер оқушылардың қолдарынан келмей жатса, онда сызықты қабырға бойлай сызу керек, сонда олар қабырға жағалап жүре алады. Ойынды күрделілендіру. Сызықтың орнына арқан қою.


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң. Мұғалімге арналған ысқырғыш. Гимнастикалық снарядтар: швед қабырғасы, арқандар, сатылар, сәкілер, төсеніштер.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң. Мұғалімге арналған ысқырғыш, бор, арқан.



2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі

1.2.5.5. Өзінің шығармашы-лық тапсырмалары-ның күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды

Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің







(Ж, Т, Ф) “Жаттығу ойлап тап”.

Мұғалім бірнеше гимнастикалық элементтер (1,2,3) тапсырады. Солардан жаттығу ойлап табу керек. оған 2 не одан да көп командалар қатыса алады. Тапсырмаларды команда капитаны не команда таңдаған адам орындай алады. Қатысушы өзі әлдебір ауысуларды қосып, осы кілт элементтерден жаттығу ойлап табуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет