Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру»



бет5/6
Дата18.06.2017
өлшемі1,05 Mb.
#19322
1   2   3   4   5   6




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды

1.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтайды

Қауіпсіздік ережесі

Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алуы







(Б) «Үлкен доп» ойыны. Бұл ойынға үлкен доп керек. Ойыншылар шеңбер құрып, қол ұстасады. Доп ұстаған жүргізуші ортада тұрады да, допты аяқпен шеңберден сырғытып шығаруға тырысады. Допты жіберіп қойған ойыншы жүргізуші болады, тек шеңбер сыртында тұрады. Ойыншылар шеңберге арқаларын беріп тұрады, ал жүргізуші допты шеңбер ішіне домалатып кіргізуі қажет. Осы секілді, ойын бірнеше рет қайталанады.


(Б, Т) «Ізіне түсіп қуу» ойыны. Бір-бірінен 3-4 м қашықтықта орналасқан А мен В старт сызықтарының әр біріне тұрып, екі команда ойынға қатысады. С финиш сызығы В сызығынан 9-11 м қашықтықта орналасқан. Мұғалімнің «Назар аударыңыз!» деген бұйрығы бойынша, А мен В сызықтарында тұрған оқушылардың барлығы бастапқы қалыпқа енеді –отыра таянып, жатып таянып, отырып, жоғары старт, т.б. «Марш!» деген белгі берілгенде, екі топ та жүгіре бастайды, тек А тобының ойыншылары қарсыластарын С финиш сызығына жеткенше, қолмен салып қалуға тырысады. Әрбір ұсталған ойыншы үшін қуғыншылар тобына 1 ұпай беріледі. Келесі жүгіруді ұйымдастырған кезде, командалар рөлдерімен ауысады.

Жоспарланған іс-әрекет түріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Мұғалім оқушыларды пульсометрия ұғымымен, тамырды табу, әрбір іс-әрекеттен кейін тамыр соғысын өлшеумен таныстырады.

Сабақ басындағы тамыр соғысы: сіз толығымен тыныштық күйінде тұрған кезде, бір минут ішінде соғу мөлшері. Белсенді іс-әрекет кезіндегі тамыр соғысы: сіз жұмыс істеп (айналысып) жатқанда, минутіне соғу мөлшері. Дене жаттығуларын жасап болғаннан кейінгі тамыр соғысы: дене жаттығуларынан кейінгі екі минуттен соң сіздің жүрегіңіз қалай соғады.

Бүкіл ойын барысында допты қолға алуға болмайды. Ол ойыншылардың тізесінен жоғары көтерілмеуі тиіс.
Осы ойында жүректен басқа тағы не жұмыс істейтінін сұраңызшы. Сіздің ағзаңызға не болды? Осы сияқты ойын түрінде өтетін белсенді дене жаттығулары біздің жақсы көңіл-күйімізге қалай әсер етеді?


Кең алаң, үлкен доп, мұғалімге арналған ысқырғыш.

Иванов А. Н. Что надо знать.

Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, доптар




3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.3.1.1. Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғынады.


1.1.4.4.

Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі



Ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы






(Б) «Торғайлар мен мысық» ойыны. Балалар алаңның не бөлменің бір бұрышына қойылған аласа сәкілерге не кубиктерге (биіктігі 10-12 см) мінеді. Балалардан алыс бөлемнің бір бұрышында мысық отырады, ол ұйқыда. «Торғайлар» жолға ұшып шығады» деп мұғалім хабарлаған кезде, оқушылар сәкілерден, кубиктерден секіріп түсіп, жан-жаққа бытырап ұшады. «Мысық» ұйқысынан оянып, керіліп, «мяу-мяу» дейді де, шатырға тығылған «торғайларды» ұстай жөнеледі. Қолға түскен «торғайларды» мысық үйіне алып келеді.


(Т) «Допты шеңберден ұрып шығар» ойыны. Ойынға 10 шақты оқушы қатысады. Оқушылар допты аяқтың ішкі жағымен не ұшымен тебу керектігін еске сақтайды. Допты қатты ұруға болмайды. Егер оқушылар допты «жүргізушіге» бермес бұрын, өздері тоқтатқысы келсе, онда аяқтың ішкі жағымен немесе өкшесімен тоқтатқаны жөн.

Балаларды тізесін бүгіп, жұмсақ секіруге, бірін-бірі соқпай жүгіруге, «аулаушыдан» жалтаруға, тез қашуға, өз орнын табуға үйрету.

Оқыту және жабдық бойынша дифференциация: сәкілер мен кубиктерді пайдаланбай-ақ қоюға болады.


1. Ойнаушылар допқа қолдарын тигізбеуі керек. 2. Ойыншыларға допты жерде домалайтындай етіп, ұруға рұқсат беріледі. 3. Жүргізушіге шеңбер ортасынан екі қадамнан артық кетуге болмайды.


Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, сәкілер, кубиктер

http://nsportal.ru/detskiy-sad/raznoe/2012/11/19/karoteka-podvizhnykh-syuzhetnykh-igr -

қозғалыс ойындарының картотекасы



http://allforchildren.ru/games/index_active2.php - ресурс (қозғалыс ойындары)
Доп, мұғалімге арналған ысқырғыш



1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.


1.1.5.5. Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады


Кеңістіктегі динамика және қозғалыс







(Жж) Оқушылар жұп болып «Теріп үлгер» деген ойын ойнайды. Диаметрі 1 метр шеңбердің ішіне қолына волейбол добын ұстаған бірінші оқушы тұрады. Осы шеңбердің ішінде еденде 8 теннис (резеңке) доптары жатады.

Екінші оқушының белгісі бойынша, ол допты жоғары лақтырады да, доп ауада тұрғанша, едендегі кішкентай доптарды барынша жинап алып, шеңберден шықпай, волейбол добын қағып алуы қажет. Содан кейін оқушылар рөлдермен алмасады. Көбірек доп жинап үлгерген ойыншы жеңіске жетеді.

Қатысушы шеңбердің сыртынан шықпауы тиіс. Оқушылардан сұраңыз: Жүгірген кезде, басты жоғары көтеріп, бос кеңістікке қарай бағыттаудың қаншалықты маңызды екенін айта аласыз ба?


Кең алаң. Волейбол доптары, оқушының әрбір жұбына арналған теннис шарлары, резеңке доптар



1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды


1.1.3.3. Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы білу

Құралдармен қозғалмалы ойындар






(Б, Ж) «Допқа қол тигіз» ойыны. Мұғалім торда үлкен емес доп ұстайды. Ол оқушыға қарғып секіріп, допқа екі қолмен тигізуге ұсыныс жасайды. Оқушы жоғары 3-4 рет секірген соң, мұғалім тура осыны өзге оқушыларға ұсынады.










(Б, Ж) «Жіптен аттау» ойыны. Мұғалім секіртпені не жіпті екі ұшынан ұстаған кезде, оның ортасы жерге тиіп тұрады. Оқушыларға жіптен аттап секіруге ұсынады. Олар жіпке кезек келіп, екі аяқпен итеріліп, аттап секіреді. Барлығы еденде жатқан жіптен секіріп болған соң, оны 2-3 см-ге, одан кейін тағы сәл биігірек көтеруге болады.

Доптың орнына мұғалім әр түрлі заттарды қолдана алады: жұмсақ ойыншықтар, резеңке доптар, т.б. Балалардың бойына және мүмкіншіліктеріне қарай, мұғалім доптың, қоңыраушаның биіктігін нақтылайды. Қоңыраушаны не сылдырмақты оқушының жоғары созылған қолдарынан сәл биік етіп, тартылған жіпке байлап қоюға болады. Мұғалім оқушылар секірген кезде, қос қолдарын да жоғары көтергенін қадағалайды, себебі ол балалардың қос иықтарының бұлшықетін жетілдіреді. Жаттығуды заттарсыз орындауға болады (торлар, ойыншықтар, т.б.).

Жіптің бір ұшын тірекке байлап, екіншісін қолмен босаңқыратып ұстауға болады. Егер секірушінің аяғы жіпке тиіп кететін жатса, онда жіптің бір ұшын жібере салу керек, әйтпесе бала жығылып құлауы мүмкін. Жіпті жоғары көтергенде, мұғалім балаларға биік секіріп, жіпті аяқпен шалмау үшін, қатты итерілу қажеттігін айтады. Жіптің биіктігін балалардың мүмкіншіліктеріне орай ұлғайтып отыру керек.



Кең алаң. Мұғалімге арналған ысқырғыш. Доптарға арналған тор, доптар, қоңыраушалар, сылдырмақтар және өзге заттар

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң. Жіп немесе секіртпе.





Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

6-бөлім: Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар балабақшада немесе үйде меңгерілген қозғалыс туралы негізгі дағдылар мен білімдерді, сонымен қатар, «Дене шынықтыру» пәнінің алдыңғы бөлімдерінде меңгерілген белгілі аспектілерді білетін болады деп күтіледі.

Контекст

Осы бөлім оқушыларда қимыл-тірек аппаратаын дамытуға көмектесетін ойын іс-әрекеті арқылы қозғалыс қабілеттерін және сенімділікті дамытуға жәрдемдеседі. Оқушылардың ойындарға және дене жаттығуларына тартылу және қатысу деңгейі қимыл-тірек аппаратын дамытуға негізделеді. Осы бөлімдегі қозғалыстарды білу және түсіну келесі бөлімдердің бойына жетілдірілетін болады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • қозғалыстың (қимыл-тірек, денені басқару) бірнеше іргелі техникаларын сипаттайды және көрсетеді

  • дене мүшелері: қолдар, аяқтар, табан, бас, саусақтар, саусақ ұштары

  • жүгіру, жүру

  • қимыл-тірек аппараты

  • қозғалу, кеңістік, бағыт

  • ережелер, қатер, қауіпсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіз аяқтарыңызда қанша тәсілмен қозғала аласыз?

  • Сіз үш түрлі қозғалуды жоспарлайсыз ба?

  • Допты бағыттау сәтті шығу үшін маған не істеу қажет?

  • Сіз бірнеше жүйелі әрекет жасау үшін өз қозғалыстарыңызды жоспарлаудың не үшін маңызды екенін айта аласыз ба?

  • Сіз допты қолмен не аяқпен бағыттау неліктен жеңіл екенін айта аласыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Осы бөлімде келесі қимыл-тірек дағдылары: жүгіру, бәйге және секіру жетілдіріледі. Ерекше назар еліктеу қозғалыс ойындарына, әр түрлі заттармен қозғалмалы ойындарға бөлінеді. Оқушылардан жеке және топта жұмыс істей отыра, қимыл-тірек дағдыларын бірге қосатын және кеңістік пен динамикалық өзгерістерді зерттеуге рұқсат беретін жаттығуларды орындауда шығармашылық танытуын сұрайды. Осы бөлімде ойын арқылы оқушылардың денсаулығы туралы білімін жақсарту мүмкіншілігі қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет