Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН



бет26/40
Дата12.10.2020
өлшемі0,88 Mb.
#65380
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
21-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН
АУЫРАТЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
      130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
                ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді
                ұйымдастыру
      1. Мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады.
      131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
                ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға
                мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш
                жасауы
      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі және пациенттің қалауы бойынша - жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
      132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және
                уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі
      1. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтауды басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады.
      133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
                ауыратын адамдардың құқықтары
      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың:
      1) білікті медициналық көмек алуға;
      2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
      3) өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуға;
      4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда - жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.
      2. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.
      3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде ғана шектеуге жол берілмейді.
      134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
                ауыратын адамдарды есепке алу және байқау
      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға және байқауға алынуға жатады және оларда уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен демеп емдеуден өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет