Жалпы ережелер



бет55/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204
3

3

12

9

Шығарма

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы:

3

3

3

3

12

Мазмұндама оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (20, 21-кесте).

20-кесте. Мазмұндама мәтінінің көлемі

Сыныптар

Мәтін көлемі

5

100-150 сөз

6

150-200 сөз

7

200-250 сөз

8

250-300 сөз

9

300-350 сөз

21-кесте. Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері

Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер

...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі

...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:

- дайын мәтін бойынша мазмұндама;

- сурет бойынша мазмұндама;

- аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:

- мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;

- мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;

- өз жанынан қосымша оқиға қосу;

- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

- қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;

- кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

- берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:

1) мазмұндылығы мен идеялылығы;

2) ой-пікірдің жүйелілігі;

3) стилі;

4) грамматикалық сауаттылығы;

5) әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет