Жалпы ережелер



бет56/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204
Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру.

Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (22-кесте).

22-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

2

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:

- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

- көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.

- қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);

- «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;

- сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

- мәтін азат жолдан басталады;

- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;

- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);

5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937);

17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922-1993);

28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл (1932 ж);

15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007);

2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889);

26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958);

12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 );

12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006);

22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985);

15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007);

көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802- 1874);

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920)

1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922);

9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл (1882-1939);

Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

4. http://abai.kz-ақпараттық-танымдық сайт;

5. http://u-s.kz- ұстаздар сайты;

6. http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;

7. http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;

8. http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;

9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

10. http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;

11. http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;

12. http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;

13. http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;

14. http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

15. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;

16. http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;

17. http://bilimtime.kz – ұстаздарға арналған сайт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет