Жалпы ережелер


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет107/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы, Жер адам өмір сүретін планета ретінде, әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарас қалыптастырады.

Оқу пәндерінің мазмұны оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білім берудің тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:

жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;

оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, білім алушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет