Жалпы ережелер



бет115/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204
Дүниежүзі тарихы

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарау, өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, көпмәдениетті және көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсете білуге бағытталады.

Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру оқушылардың қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасау, өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау,алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алу қабілеттерімен анықталады.

«Дүниежүзі тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

жаратылыстану -математикалық бағытта:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:

10-11 сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың негізгі оқиғалары, құбылыстары мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыра отырып, тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білуге дағдыландырады.

Пәнді оқытуда сұрақтарды қою маңызды орын алады, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. Сондықтан мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте

дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Үй жұмысының мақсаты – сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:

- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);

- қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);

- тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест);

- шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

- өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын мұғалім алдын ала беруі тиіс. Ол үшін осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы қажет. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын кейіпкерге қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.

Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.

Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:

- терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

- әдебиет пен деректер тізімін беру;

- ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи тұжырымдарға сүйене отырып, нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзі тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

Американ мемлекет қайраткері Бенджамин (Вениамин) Франклиннің 310 жылдығы (1706-1790);

Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-2016) және т.б.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Дүниежүзі тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет