Жалпы ережелер



бет114/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   204
Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.

Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:

- терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

- әдебиет пен деректер тізімін беру;

- ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

Оқушылардың оқу әрекеттері нәтижесін бағалау барысында тарихи

білімдерінің білімділік және іс-әрекеттік компоненттерін игеру деңгейі ескеріледі. Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау көрсеткіштері негізгі тарихи білім компоненттеріне сәйкес құрылымдалған: фактологиялық білім, теориялық білім, оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері, бағалай білу. Негізгі мазмұндық бағыттары: тарихи уақыт, тарихи даму және тарихи кеңістік болып табылады. Тарихи білімнің мазмұндық компоненттерін меңгеру деңгейі мынадай өлшемшарт негізінде бағаланады: нақтылығы, дұрыстығы, тиянақтылық, толықтық, қорытындылай білу, жүйелілік, орнықтылық, ұтқырлық, әрекеттілік, дербестік, қарама-қайшылық.

Оқыту төмендегідей түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

- өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

- себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);

- дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

- ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

- маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

- интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи концептілерге фокус жасау арқылы құралған оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);

2) Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы 440 жыл (1576-1656);

3) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлы 350 жылдығы (1667-1764);

4) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлы 350 жылдығы (1667-1749);

5) Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлы 325 жылдығы (1692–1770);

6) Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлы 275 жылдығы (1753—1802);

7) Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы 225 жылдығы (1791-1838);

8) Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсарин 175 жылдығы (1841—1889);

9) Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебінің ашылғанына 175 жыл (1841-2016);

10) ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);

11) Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-2016);

12) Тұңғыш қазақ бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2017);

13) «Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл;

14) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

15) Алаш Орда үкіметі құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

16) Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы (1916–1944);

17) 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016)

18) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:

- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

- мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;

- тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді білім беру тәжірибесін тарату;

- оқушылардың тарихты бейіналды, бейінді оқыту жағдайында негізгі құзыретімен, тарихтан жаңартылған оқу бағдарламаларымен, білім беру стандарттарына сәйкес мұғалімдерге білімді-әрекеттік компоненттерін игеру бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру;

- білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.

Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің оқу жылы бойы 4 отырыстарын өткізу ұсынылады:

- «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін

бағалау»;

- «Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану»;

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Қазақстан тарихын оқыту мазмұнын жаңартудың негізі ретінде»;

- «Дарынды балалармен жұмысты жетілдіру» т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет