Жалпы ережелер


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет113/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   204
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.

Материалдар мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағыталуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеу.

«Қазақстан тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.

Пән бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:

10-11 сыныптарда тарих пәндерін оқыту, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, аналитикалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және т.с.с.

10-11 ыныптарда тарихты оқыту:

- әртүрлі деректердің ақпараттарымен (сонын ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;

- анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

- өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;

- тарихи оқиғалар мен қатысушыларына өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

- заманауи әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесі әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білуге бағытталуы керек.

Қазақстан және Дүниежүзі тарихы пәндерінің кейбір тақырыптарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. Тарихтан халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым арттырады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz;http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:

- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);

- қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);

- тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест);

- шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық), өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беріп қойған дұрыс. Сонымен қатар, мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет