Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру институты
Курстың тақырыбы:
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабақтарында оқушылардың жобалау-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру»
Шеберлік сынып тақырыбы:
«TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау»
Дайындаған: Мамбет Цэрэг
Шортанды ауданы,
Шортанды №3 қазақ орта мектебі
Көкшетау қаласы, 2015
TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.
Сондай сайт жасау бағдарламаларының бірі - TurboSite программасы. TurboSite программасы – тегін сайт жасауға және сайт және электронды оқулық жасауға арналған шағын программа. Бұл программаның тиімділігі әр мұғалім өздеріне сайт және электронды оқулықтарды жеңіл, оңай және жылдам жасап ала алады.
Сайт немесе электронды оқулық құру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындау керек:
Достарыңызбен бөлісу: |