Жалпы ережелер


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет106/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағытта (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт) оқытылады.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді

зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттерді дамыту жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, тәжірибелер жүргізу, орындалған жұмыстың нәтижелерінін көрсету, талдау мен бағалау, сонымен қатар өз жобаларын қорғау бойынша біліктіліктерін дамытады.

2016-2017 оқу жылындағы 10-11 сыныптарда математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген. Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Сынып

Пәннің атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы

Бақылау жұмыстарының
сағат саны

нормасы

10 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

3-4

10 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

__________1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

11 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

2

68

4-5

Информатика

1

34

2-3

11 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

6-7

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

4-5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет