Спорт менің өмірімде



Дата18.12.2021
өлшемі22,49 Kb.
#103002
Байланысты:
Балтабек Ерасыл Иид1-19-4


“Спорт менің өмірімде”

Дайындаған:Балтабек Ерасыл

Тобы:ИИД1-19-4к

Тексерген:Алдабергонва Шолпан

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы  жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.

Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.

Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде.

Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.

Сонымен қозғалыс шын мәнінде адам ағзасының барлық мүшелерінің жұмысын жетілдіру үшін табиғи қажеттілік болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті – оқушылардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады.

Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі – сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі – бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма – сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды.

Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.

Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.

Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орны таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек.

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану».

Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.

Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

Елбасы қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.

Мұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады. Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық – денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы.

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (тоғызқұмалақ), мектептер арасында баскетбол, волейбол, футбол арасында жолдастық кездесулер өткізу, Әр топтың спорт секторлары дене тәрбиесі мұғалімімен тығыз байланыс жасап отырады. Тоқсан аралық демалыста сыныптар арасында дәстүрлі кіші футболдан жарыс үнемі ұйымдастырылып келеді. Барлық топ оқушыларымен бірге топтың жетекшілері мен шеберлерін қосып эстафеталық жарысты өткізу де дәстүрге айналған. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу – адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педагогикасы деп атаймыз



“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі” деген сөз осыдан шыққан екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет