Жалпы ережелер


«Технология және өнер» білім беру саласы



бет35/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204
«Технология және өнер» білім беру саласы «Музыка», «Көркем еңбек» пәндерін қамтиды.

Музыка

Бастауыш мектептегі «Музыка» пәні мазмұнының ерекшелігі болып табылады: қазақ музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыканың ең озық үлгілерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; тәжірибелік дағдыларды іске асыруда музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мәліметтер); АКТ қолдана отырып, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, суырып салуға арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды қамту; музыканы өнердің басқа да түрлерімен және пәнаралық салалармен пәнаралық кіріктіру. Оқу бағдарламасының бөлімдері мен бөлімшелерін құру логикасы музыкалық шығарманы ұғыну мен түсіну (музыканы тыңдау және қабылдау, тыңдаған музыканы талдау және сезіну) негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6-7 жастағы балалар өз пікірін айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі тиіс.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

Көркем еңбек

Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол кеңістіктік және көру елестерін, қиялы мен байқағыштығын түрлі шығармашылық қызметте көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Түрлі материалдармен жұмыс оқушыларда технологиялық пікір қалыптастыруға, көркем-эстетикалық талғам, шығармашылық қабілет, жады, кеңістіктік қиял, фантазия, қол моторикасын дамытуға, көз мөлшерін жетілдіруге ықпал етеді.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет