«Жалпы және жас ерекшеліктер психологиясы»



бет3/26
Дата21.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
УМКД жалпы ж жас ереш псих

ДӘРІСТЕР ТЕЗИЗТЕРІ

1– дәріс. Жалпы және жас ерекшеліктер психологиясының теориялық және практикалық міндеттері


1. Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы. Жас ерекшілік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы

2. Жас ерекшілік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу).

3. Жас ерекшілік психологиясының негізгі категориялары (жас периодизациясы, даму және т.б.). Жас ерекшілік психологиясының бөлімдері.

Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмір бойындағы психикалық қасиеттері мен даму тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тамамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірдің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.

Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы даму қарқынына басым көңіл бөлуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен, жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, педогогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер: қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, зейін, қиял зерттелетіні белгілі. Жас рекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңіндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін өзі бағалау және талаптану деңгейі , құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиясымен байланысы баланың мінез құлықы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жас кезеңі баланың айналасындағы адамдардың, ересектер мен құрбы құрдастардың өзіндік, ерекше ықпалы. Баланы оқытып тәрбиелейтін ересектердің мақсаты ықпалы педогогикалық психология аясында зерттеледі. Жас ерекшеліктері психологиясы мен педогогикалық психология бала мен ересек адамның өзара ықпалдасу үдерісіне әр түрлі қырларынан қарайды, жас ерекшеліктері психологиясы бала тұрғысынан, педогогикалық психология тәрбиеші, мұғалім тұрғысынан.

Балалық шақтың тарихи шығу тегі кезеңдері жайлы теоретикалық сұрақты П.П.Блонский, Л.С.Выготский,Д.Б.Эльконин деген ғылымдардың еңбектерінде жасалып шығарылды. Л.С.Выготскийдің концепциясы бойынша бала дамуының психикалық даму жолы табиғаттың мәңгілік заңдылықтарына бағынбайды. Міне, сондықтан да мәңгілік балалық шақ болмайды. Ол тек тарихи балалық шақ қана бар деп көрсетеді. XIX ғасыр әдебиеттерінде өте көп дәлелдемелер келтірілген. Олар бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмайды. Ф.Энгельс 1483 жылдары Англиядағы жұмысшы класты зерттей отырып мынандай мәліметтер алды. Балалар кейбір жағдайда бес жастан бастап жұмыс істеп жиірек алты жаста, жиі жеті жаста бірақ ата анасының ахуалдары нашар балдардың бәрі сегіз жастан жұмыс істейтін болған, жұмыс уақытысы 14,16 сағатқа созылған.

XIX,XX ғасырда балалық шақты қорғау органдарының жұмыс істеуінің арқасында бала еңбегі тоқтатылды. Әрине, бұл қоғамның төменгі деңгейде орналасқандарға балалық шақты қоштасу ету емес. Біздің заманымызда бала еңбегі жоқ десек те, балалық шақ статусын ата анасының әлеуметтік қоғам құрылымындағы орнын есептемей айта алмаймыз.

ЮНЕСКОның қабылдаған және көп мемлекеттер бекіткен 1989 жылы «Бала құқықтары жайлы конвенция» бойынша барлық жер бетіндегі бала тұлғасының толыққанды дамуы қамтамассық етілуі қажет.

Балалық шақ туралы түсініктер тарихта көбіне олардың биологиялық дамуы емес, әлеуметтік даму кезеңдері ескерілді. Осы айтылған қорытындылардың дәлелі ретінде француз демографы және тарихшысы Филип Ариестің деректері негіз болды. Соның арқасында шетелдік ғалымдар балалық шақ психологиясына назар аударды, ал Ариестің еңбегін классикалық дәрежеде бағалады.

Балалық шақ ол кезеңде тез өтпелі және құндылығы жоқ болып есептелінді. Оған немқұрайлы болуын Ф.Ариес, сол кезеңдегі демографиядағы жоғарғы туу мен жоғарғы өлімнің болу ерекшелігінің салдарынан. Балалық шаққа деген немқұрайлықты жеңу ол XVI ғасырда өлген балалардың портреттерінің пайда болуының әсерінен дейді француз демогрофы. Бұл жағдай жай ғана құбылыс емес, үлкен мән берілетін мәселе ретінде қарастырылады. Жеңіл болуын бейнелеу өнерінде балалардың шынайы суреттері XVII ғ ерте дамымады. Ол кешегі біздің революцияға дейін балалар мен ересектер бірдей киінген. Және бұл ерекшелік баланың ойны мен үлкендердің айырмашылығы аса көп болмаса киімдерінің бірегейлігі осы уақытқа дейін сақталған.

Ф.Ариес көне кезеңдердегі бала бейнесі мен әдебиеттегі балалық шақ киімдері көрініттерін анализ жасай келе, бала киімінің эволюциясындағы 3 тенденцияны бөледі.


  1. Феминизация ер балаға арналған костюм, онда көбіне әйел киімінің бөліктері қайталанады.

  2. Архаизация дәл осы уақыттағы бала киімі үлкендердің киімінен сән үлгісі қалуда, және көбіне өткен ғасырдағы.

  3. Жоғарғы тап өкілдерінің балаалрына, төменгі тап шаруалардың ересектерге арналған көстюмді киюі.

Ф.Ариес атап өткендей, балаларға арнайы киімдердің қалыптасуы ол қоғамдағы балаға деген қарым қатынастың өзгеруі байқалады. Енді балалар ересектердің өмірінде маңызды орын алады.

Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс – бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.

Ұйымдастырушы әдістер:

а) көлденең кесу әдісі;

ә) тікелей кесу әдісі;

б) кешендік әдіс.

Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

Эмпирикалық әдістер:

а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістерінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде мынадай екі жолы бар: біріншісі салыстыру жолы. Әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7,11,15,18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолданып салыстырады. Салыстыру жолының мұндай түрін “кесіңді” тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп-қашып зерттейді. Жас психологиясындағы мағлуматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді өолданып табылған.

Зерттеудің екінші жолы - генетикалық жол. Осыны қолданған баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыттың (бір жыл, не үш жыл немесе одан да көп жылдарды) зерттейді. Осыны кейде “лоннгитюд” тәсіл деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі, себебі бір немесе топ бплпны ұзақ жылдардың ішінде (10,20,30) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осыны қолданған жағдайда бұл тәсілді пайдалану үшін үлкен даярлық жасайды.

Осы зерттеулер, әсіресе ізденудің генетикалық жолы бойынша есею үстінде балада қалыптасқан қасиеттер бірінің үстіне бірі үйіліп жата ма немесе жаңа қасиеттерге (дамудың жаңа түріне) ие болғанда, осыған дейін болып келген қасиеттер жоқ болып кете ме, - осыған жауап іздестіруге көшелік.

Бұл мәселе былайша шешіледі. Бұрынғы қалыптасып келген қасиет бала бойында тіпті жоқ болып кетпейді, жаңа қасиет үстем алғандықтан, бұрынғылардың ролі күннен-күнге азая бастайды. Бұл жәйіттер тек жас психологиясының өзі үшін ғана емес, жалпы психологияның дәрежесін ұлғайтады.

Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.

Бала бақшасындағыларға бір зерттеуде рычагты пайдалана білуге арналған мынадай үш тапсырма берді: бір топқа рычагты пайдаланып, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді, есепті текст ретінде береді; екінші тобына нақты рычагты (сымды) қолына беріп, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді. Соңғы тапсырманы 3-4 жастағы балалар, біріншісін 6-7 жастағы балалар тобы шеше алатыны анықталыпты.

Осыған қарап соңғы топқа нақты бейне ойы, біріншісінде сөз арқылы ойлау қалыптасқан деген қорытындыға келеді. Мектеп жасындағы балаларға жасалған эксперименттін көбі солардың оқу үлгеріміне қарай жүргізіледі. Жеткіншек жасындағылардың жанында мазмұнның қалуы үшін жауапкершіліктің үлкен маңызы бар.

Бала психологиясында эксперименттің көбі констатациялау және оқыту (“қалыптастыру”) эксперименттеріне бөлінеді. Констатациялау экспериментінің алдына қойылатын мақсаты тесерілетін мәселенің бағытын алдынала білу. Мұнын мәнісі мынада: Дәрігер ауырған адамды емдеу үшін алдымен оның ауруына диагноз қойып, аурудың атын және себебтерін анықтайды. Бұдан соң емдеуге кіріседі. Сол сияқты педагогикалық психология әуелі сабақты үлгермеудің себебін біліп “диагноз” қояды. Сосын барып диагноздың түріне қарай оқытуға кіріседі.

Бақылау - жас және педагогикалық психологияда жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарауы емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез-құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бақылау бір жағдайда “кесінді” ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Балалар ісінің қортындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

Әңгімелесу бала психикасының сырын білудегі әдістің бір түрі. Бірақ кез-келген әңгіме сырды білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алу үшін сұрақтар қандай болып келуі жөнінде ойлануы қажет. Әңгімеде көлденең сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мұның мәні мынада: егер бала тәрбиешіге шынын айтқысы келмесе, не шынын айтқаны үшін біреуден қорқатын болса, ұстаз оның ойламаған кезінде сұрақтар қояды. Бұл көптеген сұрақ болғандықтан, бала аңдамай шынын айтып қоюы ықтимал.

Қазіргі кезде әлеумет психологиясының тәсілдері жас және педагогикалық психологияға еніп келеді, сол амалдардың бірі - Австрияның психиаторы Я.Морено ұсынған социометрия тәсілі. Бұл тәсіл топ адамдардың татулығын не наразылығын зерттеуге арналған. Социометрия тәсілі бастауыш мектеп жасындағыларға былайша жүргізіледі: егер сыныптағы оқушылар саны 40 бала болса, жаңа жыл алдында солардың әрқайсысына открытка алып, кейін оларды сыныптан шығарып, аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Әр оқушының қолына 39 открытка беріп, сыныптағы әр оқушының қажет десеңіздер бір-бір открыткадан, мейраммен құттықтау ретінде, қойыңыздар дейді. Мұны әр бала орындаған соң зерттеуші сол бала кімдердің орнына открытка қойды, кімдерге қойған жоқ, осыларды есептейді. Кейін екінші бала осындай тапсырмамен сыныпқа жіберіледі т.с.с. 40 бала осындай тапсырманы орындап өткен соң, солардың кімге открытка қойғанын не қоймағанын математикалық статистиканы қолданып есептеп, кім кіммен тату, кіммен наразы екенін біледі. Осы есептің қорытындысын кейін зерттеуші социограмма ретінде көрсетіп, белгілі тәртіпке келтіреді. Мұндай тәсілді студенттер педпрактика кезеңде оқушылар арасында жүргізіп, социометрия арқылы балалардың достығын не дос еместігін біліп, солардың себебіне талдау жасайды.
2– дәріс. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері.
1. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары.

2. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты ролі.

3. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.

Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін алдымен “даму” деген сөз не, соған тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.Бұл негізінде бөтен болғанымен, даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл түрде (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Кейде осының солай болып кездесетінін Ф.Энгельс арнайы ескертіп былай деген болатын: “Бұл заманда прогресс аталынуының бәрі, сонымен бірге біршама регресс болатынын да көрсетеді” (Ф.Энгельс, (1,73 б.)).

Бұлай деу әбден дұрыс. Дегенмен, психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болғандықтан, оның кейде кері кетуге байланысты дамуын (психикалық аурулардың кейбір түрлерін) еске алғанда, әсіресе тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алатыны рас. Бірақ психиканың алға қарай дамуын дұрыс түсінген жөн.

Психика дамуы үшін жаңа мен қатар көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты біз инвариант (лат. іnvarіant - “өзгерілмейтін”) деп атадық та, осыған тіректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп атадық. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз. Егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуыда осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің тіреніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

Сонымен психика түгелдей өзгерістерге ұшырайды деу қате пікір. Бірақ сынға алынып отырған пікірдің кең таралғаны сондай, кейбір зерттеушілер психиканың құрамының бәрі түгі қалмай өзгеріледі дейді. Егер осылай деу дұрыс болса, осының салдарынан адам баласында бұрынғыдан ештеңе қалмай бәрі жаңа болып, бірнеше мың жылдан кейін адамда кездеспеген сезгіштіктің түрі пайда болуы, не мүйізі шығуы ықтимал. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі ұзақ филогенетикалық дамуда адамға (және жануарлардың жеке түрлеріне) тән инварианттық қасиеттер “пішілген”. Осының нәтижесінде өзгеруге арналған қасиеттер үнемі дамып отыратын болса, ұзақ ғасырлар бойы (соның ішінде жануарлар дүниесінде) пішілген инварианттық қасиеттер өзгеріліп жарымайды: осының салдарынан адам ұрпағынан тек бала пайда болады, хаюандардың тұқымынан тек хаюандардың балапандары дамып шығады.

Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар аз өзгерілетін қасиеттері (“инвариант”) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.Соңғы кездерде баланың психикалық дамуында биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме, - осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер бір келісімге келе алмай жүр. Келісімге келе алмаушылықтың бірнеше себебтері бар: соның негізгі себебінің бірі - сұраұты қате қоюынан. Қате еккні мынадан: бұл жерде биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі факторлардың әрқайсысы өзінше психиканың дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.

Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық (психобиологиялық) процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер “биологиялық” деген сөзді “тұқым қуалаушылық” (“наследственность”) мағнасында қолднады. Осылай болғаның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың психикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйкені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп”оятып” жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт.

Бала психикасының дамуын, біріншіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмауынан. Екіншіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де еске алынып, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Осының болмайтынын дәлелдеуге үлес қосқан психолог А.В.Брушлинский болатын. Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлеумет факторлары логикадағы дизьюнктиптік (“не мынау”, “не анау”) процестері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында, биологиялық не әлеуметтік факторлардың бірі не шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғаннан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды деуге болады. Керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар (“пішу” т.б.) арқылы берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі (шартсыз рефлекстері т.б.). Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей “ұйықтап” жатқан несібілерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.

Әлеумет ортаның күшті екенін мойындай отырып, балада туа берілетін қасиеттерді мүлде жоққа шығаруға болмайды.Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұнын да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.Сонымен біз биологиялық және әлеумет факторларының , балада психиканың дамуына тигізетін әсеріне тоқтадық. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен роль атқаратын болса, бала есейген сайын оның ролі кемиді де, енді әлеумет факторының ролі күннен-күнге өріс ала бастайды.

Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбектерінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психиканың дамуына, ақыл-ойдың өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі - біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,- деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етеміз десеңіздер,- Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолына жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай бадырып жүргізу керек. Сонда ғана оқу баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- деді. Бұл пікірді сол кездегі психологтардың бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінді.

М.Коул, Д.Шерп,Ч.Лейвтің пікіріне келейік. Бұл ғалымдар Дкатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін зерттеу жұмысын жүргізіп мынадай қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.

Бұл жерде В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М.Коул т.б. мұны бала бір үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады. Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде де (В.В.Давыдов пен М.Коулдың т.б. зерттеуінде) оқытудың адам психикасының (ақыл-ойының т.б.) дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.

Психикалық даму мен оқытудың өзара көлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі осылардың ішінен қажет дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік туады.

Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивтік кез деп атайды. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы Мария Ментоссори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лейтес осы жөнінде құнды пікірлер таратты.

Сензитивтік көзге мән беретін себебі, осы кезде бала - әсерленгіш келетіннен, осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Мұның солай болуы мынадан: баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай, үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал.Сензитивтік кездің өзіне келсек, бұл тек бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі: жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш, мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлуматтар айқын қалмаған деп сұраса, 20-25-ке дейінгі басынан көшірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді.

Бастауыш мектеп жасындағылар (7-10) алсақ, бұларда мұғалімнің айтқанына сын көзімен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағлуматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар ендігі жас кезеңіне (11-16) көшкенде, бұрынғыдай емес, енді ұстаздық сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқу мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды.

Сензитивтік кез көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны институтта 4-5 жыл ағылшын тілін оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚТ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғаннан кейін оқытса, осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. А ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.

Осы айтылғандардың музыка, живопись өнерлеріне де тікелей қатысы бар. Ірі суретшілер мен композиторлардың өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған.

Сонымен біз сензитивтік кездерді үстірт қарастырып өттік. Мұның әлі күнге дейін жете зерттелінбеген жақтары бар. Егер сол зерттелінбегендер білінсе, онда балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары үлкен табыстарға жетер еді. Сензитивтік кездің болуынан шығатын қорытынды: әрбір нәрсенің өзіндік мезгілі бар болатыны сияқты, қабілеттіктің де балада туатын және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті (қабілеттіліктің туатын мүмкіншілігін) өз мезгілінде пайдаланып қалу керек. Міне, сензитивтік кезді білудің ұтымды жағы осында.

3– дәріс. Бала психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.

1. Бала психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.

2. Генетикалық және конвергенция теориясы

3. Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.
Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биогенетикалық; 2) социогенетикалық.

Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.

Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері – бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтадай» болады және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:

1. Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады, екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;

б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;

в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.

Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өз-өзіне басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады. Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.

Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.


4– дәріс. Әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері
1. Әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері

2. Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі. «Жас дамуының әлеуметтік жағдайы» ұғымдары.

3. Жас кезеңдері және бала дамуының дәуірлері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау

Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазады. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек (“отрочество”) балалардың балалық және ересек (“юность”) туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.

Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән пәлендей ақыл-ой жағынан белгілі бір жәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген.Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгідәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдың игіліктерді өндіруге ерте жасынан (мысалы, Эксимос елінде 5-6 жасынан, өзгелерінде 7-8 жасынан) жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хроникалық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет