Ақтар. 1. Бір нәрсенің ішін түгел ашып қарау, бір нәрсені іздеу. Қайырлы түн, ғалымдар! Ақтарыңдар ақылды, Тыныштықты тойлаңдар. Рахмет, әкелдіңдер атомды, Енді соны ажал етпеуді ойлаңдар («Қайырлы түн»). Ақтарыңдар: 75; ақтарды: 95. 2. Ыдыстың ішіндегі нәрсені төгу, төңкере салу, қотару. Үнсіз кітап оқылды да, аударылды парақтар, Үнсіз үшеу отырды да, ақтарылды шараптар. Қулығы ма, шындығы ма, үй иесі мас болды, Жас арудың жанарына мөлтілдеген жас толды («Жұмбақ»). Ақтарылды: 84. 3. Іштегі мұң-зарын сыртқа шығару, айту. Қапаста жатсадағы күрсінбеген, Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген. Міне, соның жасырмай алуан сырын, Ақтарайын, ел-жұртым білсін деп ем («Ажалға»). Ақтарам: 43; ақтарайын: 11.
Ақиқат. Табиғат пен қоғамдағы санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүретін заттар мен құбылыстардың адам танымының тіжірибеде тексерілген толық бейнесі. Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар, Көрсетші қанша сенің қарымың бар. Адалдық ақиқаттан сомдап соққан, Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар (« Тура қара көзіме»). Ақиқат: 40; ақиқаттан: 35. // Даусыз, дәл, айқын, анық. Солай болды... Бәрі ақиқат... Әлде есімнен алжастым... Мынау жатқан бөз орамал – орамалы Қарғаштың... («Бөз орамал»). Ақиқат: 100.
Сөз мағыналарының талдануы
Әр реестр сөзден кейін саны көрсетілуге тиіс, одан кейін ақын қолданған жеке сөздердің мағыналарына белгілі жүйе бойынша талдау жасалыну керек. Ақын шығармаларының құрамындағы сөздерге «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» негізінде түсінік беріледі. Автор сөзді бірнеше мағынада қолданса, сонша рет анықтама жазылады. Сөздікте алдымен сөздің негізгі (заттық) мағынасы, одан кейін қосымша (ауыс) мағынасы, соңынан ақынның өзіндік сөз қолдану нұсқасы (егер сөз көп мағыналы келген жағдайда) көрсетіледі. Мысалы: Ақ1. 1. Қардың, сүттің түсіндей ақ түс... 2. Ауыс. Адал, кінәсіз, жазықсыз... 3. Окказ. Арақ, ішімдік...
Достарыңызбен бөлісу: |