Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Отоскопия кезінде қандай анатомиялық түзілістерді көруге болады



бет15/38
Дата20.11.2023
өлшемі82,22 Kb.
#192256
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
на руки 1 АБ ЖМ 5 курс 2023-24

14. Отоскопия кезінде қандай анатомиялық түзілістерді көруге болады:
A. алдыңғы қатпарлар, артқы қатпарлар
B. алдыңғы қатпарлар, артқы қатпарлар, балғашықтың қысқы өсіндісі
C. алдыңғы қатпарлар, артқы қатпарлар, балғашықтың қысқы өсіндісі, балғашықтың сабы, жарық конусы
D. алдыңғы қатпарлар, артқы қатпарлар, балғашықтың қысқы өсіндісі, жарық конусы
E. артқы қатпарлар, балғашықтың қысқы өсіндісі, жарық конусы
15. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады.
14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады.
A. қабақтың ісінуі
B. орбитаның флегмонасы
C. вазомотор риниті
D. кавернозды синустың тромбоз
E. менингит
16. Науқастың емі және диагнозы?
40 жастағы науқастың рентгенограммасында: сол жақты жоғарғы жақ қуысының қараюы. Қараю біркелкі, интенсивті, қуыстың қабырғасы өзгермеген. Анамнезде: науқастың 3 апта бұрын оң жоғарғы жақтың 6 тісі жұлынған, содан кейін іріңді бөліністер пайда болған, соңынан өздігінен тоқтап тиылған.
A. іріңді сфеноидит, консервативті ем
B. созылмалы іріңді гайморит, консервативті ем
C. одонтогенді гайморит, хирургиялық ем
D. созылмалы іріңді фронтит, хирургиялық ем
E. созылмалы іріңді этмоидит, консервативті ем
17. Науқастың болжам диагнозы. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
Пневмония әсерінен әлсіреген науқаста антибиотикотерапия фонында дене қызуы жоғарлап, тамағында ауырғандық, аран кілегей қабығының қызаруы, бадамша без беткейінде жамылғылар пайда болып, бір-бірімен қосылып таңдай доғаларына және жұтқыншақтың бүйір қабырғаларына тарады.
A. лакунарлы ангина,ҚЖА
B. катаралды ангина, ҚЖА
C. моноцитарлы ангина. ҚЖА, флораға жағынды
D. жұтқыншақ кандидозы. ҚЖА, флораға жағынды
E. агранулоцитарлы ангина. ҚЖА.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет