Тақырыбы: Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз.
Мақсаты:
1. Адам ағзасының тұрақты және транзиторлық микрофлорасының құрамын және оның физиологиялық рөлін зерттеу.
2. Қалыпты микрофлораның сандық құрамын және оның дисбактериоз кезіндегі өзгеруін зерттеу.
3. Қоршаған орта (ауа, су, топырақ) және ас тағамдарының микрофлорасын зерттеу және оларды анықтау әдістерін үйрену.
Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты,резидиентті)және кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның иммунологиялық реактивтілік жағдайына, қоректену тәртібіне, географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты.
Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді., иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады, витаминдер синтездейді.
Қалыпты микрофлораның кейбір өкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе өздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді , тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді.
Адам жүрген жердің барлығында микроорганизмдер кездеседі, ол экожүйенің бір бөлігі болып есептеледі. Экожүйе бұл тірі организм мен қоршаған ортаның өзара қатынасы. Экожүйенің ішінде күрделі биоценз пайда болады, мысалы микробтық биоценоз, яғни топырақтағы, ауадағы, судағы, адам ағзасындағы әртүрлі микроорганизмдердің өзара тіршілік етуі.
Экология қоршаған орта мен тірі организмдердің өзара қатынасы туралы ғылым. Экожүйеде барлығы бір- бірімен өзара байланысты және тепе-теңдік жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым көпшілігі сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру қоздырушылары патогенділері де болады. Барлық экожүйедегі эволюциялық процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері өзгеріп отырды , микробтар арасында, микробтар мен макроорганизм арасында ерекше өзара қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтық симбиоздың бірнеше түрлері болады-мутуализм,антагонизм т.б.
Адам ағзасының микрофлорасы
I.Iшек микрофлорасы. Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді.
Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші.
Микроорганизмдер
|
Қалыпты жағдайдағы мөлшері
|
Патогенді (энтеробактериялар тұқымдастығындағы)бактериялар
|
жоқ
|
Ішек таяқшасының бір грам нәжістегі жалпы саны
|
300-400млн
|
Ферменттік қасиеті шамалы ішек таяқшасы %
|
10ға дейін
|
Гемолитикалық қасиеті бар ішек таяқшасы %
|
жоқ
|
Лактозанегативті және лактозанегативсіз энтеробактериялар%
|
5ке дейін
|
Коккты түрлері (шар тәрізділер%)
|
25ке дейін
|
Гемолитикалық стафилококк
|
жоқ
|
Бифидумбактериялар%
|
10 және көп
|
Протеи таяқшалары%
|
Жоқ
|
Кандида саңырауқұлақтары
|
Жоқ
|
II. Ауыз қуысының микрофлорасы.
Нәресте туылған кезде стерильді. 4-12 сағаттан кейін көкшіл стрептококк , сонан кейін стафилококктар, нейссериялар, лактобактериялар, бранхамеллалар, дифтероидтар, лептотрикс, кандидалар пайда бола бастайды. Тісі шыққаннан кейін спирохетталар, актиномицеттер, фузобактериялар, вейлонеллалар,т.б. кездесе бастайды. Тісі бұзылған қарттардың аузында қарапайымдыларды, ішек таяқшасын, псевдоманаларды табуға болады.
III.Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы. Кеңірдек пен трахеяда альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар, бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк, нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады.
IV.Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда теріде мынадай микробтар кездеседі: St. epidermicis, str veridans, str fekalis, corinobakterium, kleibsiella, pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда: микоплазмалар, шешек және ұшық вирустары.
V. Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады. Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты болып аралас флоралы болады.
Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин таяқшасының саны көбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |