Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы Микроорганизмдердің жіктелуі



бет74/83
Дата22.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#127757
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83
Байланысты:
Методичка микробиология

Иммуноэлектрофорез әдісі

Иммуноэлектрофорез әдісі өте сезімтал және спецификалылыгы жоғары, бұл өдіспен төмен концентрацияда және көп компоненттік жүйелерде антиген заттарды белгілеуге болады.

Иммуноэлектрофорез екі әдістің қосылуында негізделген — электрофорез және гельдегі преципитация. Әдістің қойылуы 2 сатыдан түрады.

Зерттеуге арналған затты (антигенді) олардың электрофоретикалық жылдамдық белсендігі бойынша электрофорез көмегімен гельде оның компоненттеріне бөледі. Бұл үшін ерітілген гельді шынылы пластинаға құяды, ол қатып қалған соң оның ортасында шұңқыр жасайды. Зерттеуге арналган затты шұнқырға енгізіп, пластинканы электрофорез аппаратына қояды. Зерттеу заттың компоненттері әр түрлі зоналарда тасымалдайды, оларды белгілі бояулармен анықтайды.

Электрофорезден кейін гельге иммундық сарысуын құйып преципитация реакциясын жүргізеді. Бұл үшін компоненттердің миграция жолдары бойынша гельде шұңқыр жасап, иммундық сарысуын шұңқырларға енгізеді. Антиденелер және электрофорезбен бөлінген антигендік компоненттері бір біріне қарсы гельде диффузияланады, кездеседі және ертінділі емес преципитат пайдалынады. Преципитаттар әр түрлі сызықтар болып, әр жерде орналасады. Осымен бірге әрі антиген гомологиялық антиденемен жеке байланысады да жеке сызық тудырады.

Сонымен, электрофорез өдісі зерттеу материалдың антигендік компоненттерінің санын белгілейді, электрофоретикалык козғалғышы бойынша идентификацияланады және спецификалы сарысумен преципитация сызықтарының мінездемесі бойьшша.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет