Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата31.01.2020
өлшемі79,94 Kb.
#56852
  1   2   3
Байланысты:
Кәсіпкерлік, бизнес БАҒДАРЛАМА 2019ж-1




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 7 наурыздағы
№ 105 бұйрығына 32-қосымша



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 352 бұйрығына 221-қосымша



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 439-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

      2. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.

      3. Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.

      4. Оқыту міндеттері:

      1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

      2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

      3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

      4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

      5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

      6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

      7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

      5. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәнінің ерекшеліктері:

      1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

      2) оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;

      3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;

      4) оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

      5) практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.

      6) синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on-line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;

      7) пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:

      - Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;

      - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      - "Джуниор Эчивмент Қазақстан" қоғамдық қоры;

      8) білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.

      9) клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.

2-тарау. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

      6. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

      1) 10-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

      2) 11-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

      Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).

      7. Оқу пәнінің мазмұны 10-сыныпта 4 бөлімнен тұрады:

      1) "Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік";

      2) "Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік";

      3) "Әрекеттегі маркетинг";

      4) "Ойлау дизайны".

      8. "Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Кәсіпкерлікке кіріспе";

      2) "Қазақстан экономикасына тарихи экскурс";

      3) "Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу";

      4) "Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар";

      5) "Нарықтың қызмет ету механизмі";

      6) "Нарықтық тепе-теңдік".

      9. "Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Бизнес неден басталады?";

      2) "Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары";

      3) "Стартап мәдениет";

      4) "Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)";

      5) "Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы";

      6) "Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні";

      10. "Әрекеттегі маркетинг" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Маркетингіге кіріспе";

      2) "Маркетинг-микс";

      3) "Кабинеттік және далалық зерттеулер";

      4) "SWOT талдау";

      5) "Мақсатты аудитория, сегменттеу";

      6) "Бренд"

      7) "Маркетингілік коммуникациялар";

      8) "Онлайн маркетингілік коммуникациялар".

      11. "Ойлау дизайны" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Ойлау дизайнына кіріспе";

      2) "Эмпатия";

      3) "Талдау және синтез";

      4) "Идея ойлап табу";

      5) "Прототип жасау";

      6) "Тестілеу";

      7) "Сторителлинг".

      12. Оқу пәнінің мазмұны 11-сыныпта 4 бөлімнен тұрады:

      1) "Стартап акселератор (1)";

      2) "Стартап акселератор (2)";

      3) "Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы";

      4) "Даму стратегиясы".

      13. "Стартап акселератор (1)" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Питчинг";

      2) "Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі";

      3) "Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы";

      4) "Стартап-жобалардағы маркетинг";

      5) "Стартап-жобалардағы коммуникация арналары;

      6) "Тұтынушылық және сатыпалушылық бейілділік";

      7) "Стартаптардағы пайда арналары".

      14. "Стартап акселератор (2)" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару";

      2) "Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік";

      3) "Бизнестегі маңызды қызмет";

      4) "Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар";

      5) "Шығындар құрылымы";

      6) "Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес-жобалардың питчингі".

      15. "Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Жеке адамның активтері мен пассивтері";

      2) "Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер";

      3) "Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар";

      4) "Қор нарығы";

      5) "Жеке бюджетті басқару";

      6) "Өзін-өзі алға жылжыту";

      7) "Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі";

      8) "Нетворкинг (кәсіби жүйелер)";

      9) "Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы - келіссөздер мен келіссөздер жүргізу тәжірибелері";

      10) "Эмоционалдық интеллект";

      11) "Тайм-менеджмент".

      16. "Даму стратегиясы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) "Бизнес ауқымын кеңейту – нарық дамуын болжау";

      2) "Бизнес дамуының тәсілдері мен түрлері";

      3) "Сапаны басқару";

      4) "Халықаралық бизнес";

      5) "Тұтынушының құқығын қорғау";

      6) "Кәсіпкердің құқығын қорғау, бизнесті қолдау институттары";

      7) "Кәсіпкерлердің жауапкершілігі (экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық)";

      8) "Мақсаттарды қоя білу";

      9) "Өзіндік өмір стратегиясы".

      17. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:

      1) "Кәсіпкерлікке кіріспе". XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын, ерекше ой тәсілі ретінде кәсіпкерлік туралы түсінік. Кәсіпкерлік ой дамуының тәсілдері. Экономикадағы және заманауи әлем дамуындағы кәсіпкерлер маңызы. Кәсіпкерлік призмасы арқылы оқушылардың өз көзқарасы мен мақсаттарын салыстыру. Кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты түсіну. Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру. Нақты кәсіпкерлердің мысалдары мен тарихы. Қазақстан экономикасына тарихи экскурс. Экономика не зерттейтінін түсіну, микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық. Экономикалық түсініктермен, өндіріс үрдісінің ресурстары мен факторлары, нарықтың қызмет ету механизмі, сұраныс пен ұсыныс заңымен, нарықтық тепе-теңдікпен және терминологиялармен танысу. Кәсіпкерлік идеялар көздері (нарық мұқтаждықтары, хобби және т.с.с.). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Теориялық білімді бекіту үшін офлайн-ойын, ойын дебрифингі; 3. Бизнес-кейстермен жұмыс жасау – өткен материалдар бойынша Қазақстан мен әлемнің нақты кәсіпкерлерінің сәттіліктері, сәтсіздіктері, қиындықтары мен шешімдерін көрсету.

      2) "Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік". Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері мен кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін, стартап және инновацияларды түсінеді. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік түсінігі. Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні. "Көк мұхит" және "қызыл мұхит" стратегияларымен танысу. Әрекеттегі қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейстерінің мысалдары. Оқушылар арасында бақталастық сезімін құру мен бәсекелестік қағидаларын ұғыну.

      Виртуалды кәсіпорынды құру үшін алынған білімдерді, топтық жұмыс-ойындар аясында, тәжірибеде қолдану. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Ойын түрінде топтарда тәжірибелік жұмыс жасау.

      3) "Әрекеттегі маркетинг". Нарықта отандық өндірушілердің нақты өнімдерін жылжыту бағдарламаларын құру призмалары тұрғысынан маркетингті оқыту. Топтарға бөлу, FMCG нарығында жұмыс жасайтын Қазақстанның нақты компаниясын таңдау. Әр команданың міндеті – облыс нарығында ұсынылған нақты өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасау (мақсатты аудиторияны, ұранын, неймингін, коммуникацияның офлайн- және онлайн-каналдарын анықтау, жарнамалық өнімнің сыртқы түрін жасау мен әлеуметтік желілерде позициялау).

      Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасауда алынған білімді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.

      4) "Ойлау дизайны". Ойлау дизайны әдістемесінің кезеңдерін қолдана отырып практикалық тапсырмалар арқылы клиенттерге бағытталған шешімдерді құру. "Эмпатия" кезеңінің аясында оқушылар мәселелік жайттарға тереңірек енеді. Адам (пайдаланушы), оның физикалық және эмоционалдық қажеттіліктері, жүріс-тұрысы, ойлары зерттеудің маңызды обьектісі болып табылады. Топтық жұмыс аясында олар сұрақтар қояды, тыңдайды және бақылайды. Келесі "Талдау және синтез" кезеңінде оқушылар жиналған ақпаратты талдайды, жүйелейді және түсіндіреді – барлық тыңдалынған және көрген ақпаратты нақты, маңызды мәселеге айналдырады. Осы кезеңде оқушылар аналитикалық ойлау дағдыларымен танысады, маңыздысын ажыратуға, ойлап табылған нәрселерді құрастыру және нақты міндеттерге айналдыруға үйренеді. "Идеяларды ойлап табу" кезеңінде оқушылар команданың басқа қатысушыларының идеяларымен өзінің идеяларын ойлап табу мен дамыту үшін оң әсер ету тәсілдерін меңгере отырып ми шабуылының қағидаларымен танысады. "Прототип жасау" және "Тестілеу" кезеңдерінде таңдалынған идеяларды болашақта іске асыруда кері байланысты алу үшін қолданылады.

      Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Адамға бағытталған инновациялық шешімдерді жобалауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.

      18. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

      1) " Стартап акселератор (1)". 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

      2) "Стартап акселератор (2)". Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

      3) "Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы". Жеке қаржылық сауаттылықпен танысу, жеке қаржы ресурстарын басқара білу мен өзін-өзі алға жылжыту бағдарламасын жасақтау. Өзіндік презентация, өз-өзін сату, түйіндеме құру мен кәсіби байланыстар орнату бойынша тәжірибелік білім;

      4) "Даму стратегиясы". Кәсіпкердің стратегиялық ойлау қабілетін дамыту. Бизнес-кейстер мен теориялар арқылы ішкі нарықта және халықаралық нарықтарда да бизнестің дамуының моделін таныстыру. Бизнесті қолдау институттарының рөлін бөліп қарастыру. Мақсат қою құралдары арқылы жеке дербес өмірлік стратегия мен мансапты (1-20 жыл) құру.



3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

      19. Бағдарламаны оқуға ыңғайлы болу үшін кодтар енгізілді. Кодтың бірінші саны оқу сыныбын білдіреді, екінші және үшінші сандары – бөлім мен бөлімше нөмерін береді, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік саны. Мысалы, кодта 10.2.1.2: "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше саны, "2" – мақсаттың реттік саны.



      1) 10-сынып:

Білім алушылар:

Бөлім

Бөлімше

10-сынып білім алушыларының білім нәтижесі

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе

10.1.1.1 "жеке кәсіпкер", "бизнесмен", "қажеттілік", "игілік" түсініктерін түсінеді;
10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді

1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу

10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады

1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар

10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді

1.5 Нарықтың қызмет ету механизмі

10.1.5.1 сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді;
10.1.5.2 сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі

1.6 Нарықтық тепе-теңдік

10.1.6.1 нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі;
10.1.6.2 негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.1 Бизнес неден басталады?

10.2.1.1 экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлікті талдайды;
10.2.1.2 заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторларын біледі

2.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

10.2.2.1 кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі;
10.2.2.2 мемлекет экономикасындағы, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді;
10.2.2.3 кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі

2.3 Стартап мәдениет

10.2.3.1 стартап түсінігін суреттейді;
10.2.3.2 стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын біледі.

2.4 Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)

10.2.4.1 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін түсінеді;
10.2.4.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің заманауи тенденцияларын танып біледі;
10.2.4.3 кәсіпкерліктің трендтерінің болашақ кезеңдеріндегі болжамын талдайды

2.5 Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы

10.2.5.1 баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік мысалдарын сипаттайды;
10.2.5.2 бәсекелестік стратегиясы мен бәсекелестер түрлерін сипаттайды;
10.2.5.3 баға бойынша және бағалық емес бәсекені қолданудың тиімділігін бағалауды жасайды

2.6 Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні

10.2.6.1 экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді;
10.2.6.2 бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттайды;
10.2.6.3 баға саясатының мәнін түсінеді;
10.2.6.4 баға стратегияларын ажыратады

Әрекеттегі маркетинг

3.1 Маркетингіге кіріспе

10.3.1.1 маркетинг және оның қызметін түсіндіреді;
10.3.1.2 өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады.

3.2 Маркетинг-микс

10.3.2.1 4P, 4C, маркетинг-микс құрамын түсінеді;
10.3.2.2 4P, 4C, қолдану форматын ажыратады.

3.3 Кабинеттік және далалық зерттеулер

10.3.3.1 кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі;
10.3.3.2 кабинеттік және далалық зерттеу әдістемесін қолданады.

3.4 SWOT- талдау

10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;
10.3.4.2 зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады.

3.5 Мақсатты аудитория, сегменттеу

10.3.5.1 тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсінеді;
10.3.5.2 белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтайды.

3.6 Бренд

10.3.6.1 брендтің негізгі құраушыларын біледі;
10.3.6.2 брендінің сипаттамалық және шығармашылық жағын ажыратады;
10.3.6.3 брендінің платформасын сипаттау үшін дағдыларды қолданады

3.7 Маркетингілік коммуникациялар

10.3.7.1 ATL, BTL маркетингілік коммуникациялар кешенін ажыратады;
10.3.7.2 ATL, BTL арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады.

3.8 Онлайн маркетингілік коммуникациялар

10.3.8.1 сандық маркетингтің мәнін түсінеді;
10.3.8.2 сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады

Ойлау дизайны

4.1 Ойлау дизайнына кіріспе

10.4.1.1 ойлау дизайнының мәнін түсінеді;
10.4.1.2 ойлау-дизайны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді;
10.4.1.3 ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үрдістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын салыстыру.

4.2 Эмпатия

10.4.2.1 жобаға тікелей немесе жанама әсер ететін тұтынушылар тобын анықтай біледі;
10.4.2.2 эмпатия қағидаларын түсінеді және тәжірибеде қолдана біледі;
10.4.2.3 сұхбат жасай білу және ондағы сұрақтар кезектілігін дұрыс ұйымдастыра алады.

4.3 Талдау және синтез

10.4.3.1 мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі;
10.4.3.2 сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды;
10.4.3.3 ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады;
10.4.3.4 сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды.

4.4 Идея ойлап табу

10.4.4.1 брейнсторминг қағидалары мен қажеттілігін түсінеді;
10.4.4.2 брейнстормингті жүргізу ережелері мен оларды сақтап, орындай алуды біледі;
10.4.4.3 брейнсторминг кезеңдерін білу және кезеңдерін сақтап, айтылған идеяларды жүйелеу және солардың ішінен ең жақсысын таңдайды

4.5 Прототип жасау

10.4.5.1 прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді;
10.4.5.2 прототип жасаудың негізгі әдістерін біледі және қолдана алуды үйренеді

4.6 Тестілеу

10.4.6.1 адамға бағытталған дизайн үшін тестілеудің маңызын түсінеді;
10.4.6.2 шешім қабылдау кезінде кері байланыстың маңызын және эмпатияны тереңірек дамыту мүмкіндігін түсінеді;
10.4.6.3 тәжірибеде алынған идеяларды қолдану мүмкіндігін бағалайды

4.7 Сторителлинг

10.4.7.1 жасалынған жұмыс үрдісін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді;
10.4.7.2 ойлау-дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алатындығын дәлелдеу

      11-сынып

Бөлім

Бөлімше

11-сынып білім алушыларының білім нәтижесі

Стартап акселератор (1)

1.1 Питчинг

11.1.1.1 кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсінеді;
11.1.1.2 оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады

1.2 Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі

11.1.2.1 команда мүшелері арасындағы рөлдерді анықтайды;
11.1.2.2 оқу-ойын жағдайында командаға қажетті адамдарды тарту үшін шешендік өнер дағдыларын қолданады

1.3 Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы

11.1.3.1 бизнес модель түсінігін суреттейді;
11.1.3.2 Канва бизнес моделінің және бизнес-жоспардың құрылымын түсінеді;
11.1.3.3 оқу-ойын жағдайында өз стартап идеялары үшін маңызды құндылықтарды қалыптастыру дағдыларын қолданады

1.4 Стартап-жобалардағы маркетинг

11.1.4.1 стартап жоба үшін маркетингтің мәнін түсінеді;
11.1.4.2 тұтынушылар сегменттерін мен олардың қажеттіліктерін, нарық сыйымдылығын талдайды;
11.1.4.3 өміршеңдігі ең төмен өнімнің (MVP) қағидаларын түсінеді;
11.1.4.4 өз стартапында ең аз мөлшерде өнімді сату туралы шешім қабылдайды

1.5 Стартап-жобалардағы коммуникация арналары

11.1.5.1 тұтынушыға құндылық "Қалай" (қандай арналар нәтижесінде) жеткізіледі? - деген сұраққа жауап береді;
11.1.5.2 қандай да бір коммуникация арналарын таңдау қандай пайда әкелетінін түсіндіреді

1.6 Тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік

11.1.6.1 "тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік" түсінігін ажыратады;
11.1.6.2 коммуникация каналдары арқылы тұтынушылармен өзара қатынас стратегиясын құрады

1.7 Стартаптардағы пайда арналары

11.1.7.1 AB-тест, пайда түсімі арналарының мәнін түсінеді;
11.1.7.2 кіріс құрылымын талдайды;
11.1.7.3 оқу-ойын жағдайында AB-тестіні талдау мақсатында қолданады

Стартап акселератор (2)

2.1 Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару

11.2.1.1 стартаптарда ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді;
11.2.1.2 адами, қаржылық, материалдық, интеллектуалды, бизнес ресурстарды ажыратады

2.2 Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік

11.2.2.1 стартап үшін аутсорс пен серіктестіктің мәні мен мағынасын түсінеді;
11.2.2.2 серіктестіктің қағидаларын сипаттайды;
11.2.2.3 өз жобасы үшін серіктестер тізімін құру үшін дағдыларын қолданады

2.3 Бизнестегі маңызды қызмет

11.2.3.1 операциялық қызметтің мәнін түсінеді;
11.2.3.2 өз стартапында операциялық қызметті анықтау үшін дағдыны қолданады

2.4 Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар

11.2.4.1 салық және оның мемлекет үшін маңызын сипаттайды;
11.2.4.2 салық режимдерінің ерекшеліктерін ажырата біледі

2.5 Шығындар құрылымы

11.2.5.1 шығын құрылымын түсінеді;
11.2.5.2 Стартап жобасында шығыс пен кіріс құрылымын талдайды

2.6 Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес-жобалардың питчингі

11.2.6.1 стартап жобаның инвестициялық тартымдылығын түсінеді;
11.2.6.2 инвесторлардың назарын аудару үшін шешендік өнер (питчинг) дағдыларын қолданады

Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы

3.1 Жеке адамның активтері мен пассивтері

11.3.1.1 актив және пассив, бюджеттің мәнін түсінеді;
11.3.1.2 кірістер мен шығындарды ажырата біледі

3.2 Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер

11.3.2.1 ҚР екі деңгейлі банктік жүйені ажыратады;
11.3.2.2 депозиттер мен кредиттің мәнін түсінеді;
11.3.2.3 кредиттік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігін түсінеді;
11.3.2.4 депозиттік және кредиттік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады

3.3 Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар

11.3.3.1 әлемдік ақша бірліктерінің жүйесін сипаттайды;
11.3.3.2 қолма қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ажыратады

3.4 Қор нарығы

11.3.4.1 қор нарығының жұмыс механизмін біледі;
11.3.4.2 қор нарығына экономикалық циклдардың әсерін біледі;
11.3.4.3 құнды қағаз түрлерінің айырмашылығын анықтайды

3.5 Жеке бюджетті басқару

11.3.5.1 жеке бюджетті басқарудың негізін түсінеді;
11.3.5.2 жеке бюджетті басқару құралдарын қолданады

3.6 Өзін-өзі алға жылжыту

11.3.6.1 өзін-өзі алға жылжыту мәні мен оның құрамын және жеке брендингті түсінеді;
11.3.6.2 құзыреттілік пен біліктіліктің айырмашылығын анықтайды

3.7 Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі

11.3.7.1 өз түйіндемесін құру дағдыларын қолданады;
11.3.7.2 оқу-ойын жағдайында жұмысқа орналасуда өзін өзі дамыту дағдыларын қолданады

3.8 Нетворкинг (кәсіби жүйелер)

11.3.8.1 адамдармен сенімді және ұзақ мерзімді қатынастың маңызы және өзара көмектесу қажеттігін түсінеді;
11.3.8.2 өз мәселесін шешу үшін екі жақты іс-әрекеттің кәсіби потенциалын пайдалану мүмкіндігін өз көзқарасымен суреттейді

3.9 Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы – келіссөздер мен келіссөздер жүргізу тәжірибелері

11.3.9.1 кәсіпкер үшін келіссөздердің маңызын түсінеді;
11.3.9.2 оқу-ойын жағдайы шеңберінде оқушылардың өзара қатынасындағы келіссөз дағдыларын қолданады

3.10 Эмоционалдық интеллект

11.3.10.1 эмоционалды интеллект мәні мен мағынасын түсінеді;
11.3.10.2 эмоционалды интеллектіні басқарудың көмегімен өз мақсаттарына жету мүмкіндіктерін зерттейді

3.11 Тайм-менеджмент

11.3.11.1 тайм-менеджментінің мәні мен мағынасын түсінеді;
11.3.11.2 өз тиімділігін арттыру мақсатында уақытты басқару дағдыларын қолданады

Даму стратегиясы

4.1 Бизнес ауқымын кеңейту – нарық дамуын болжау

11.4.1.1 бизнестің ауқымын кеңейту және оның мәнін түсінеді;
11.4.1.2 нарық дамуының болжамын талдайды

4.2 Бизнес дамуының тәсілдері мен түрлері

11.4.2.1 дамудың базалық стратегияларының мәнін түсінеді;
11.4.2.2 экономикалық өсу, ЖҰӨ, ЖІӨ мәнін түсінеді;
11.4.2.3 бизнес дамуының қарқынды және экстенсивті тәсілдерін танып біледі

4.3 Сапаны басқару

11.4.3.1 сапаны басқару құрамын және оның мәнін түсінеді;
11.4.3.2 Кайдзен қағидасын суреттейді.

4.4 Халықаралық бизнес

11.4.4.1 халықаралық бизнестің мәні мен мағынасын түсінеді;
11.4.4.2 ойындық түрде халықаралық нарыққа Қазақстан өнімдерін шығарудың стратегиясын құруда өзіндік көзқарасты қалыптастыру үшін халықаралық бизнестің аясынан факторларды синтездейді.

4.5 Тұтынушының құқығын қорғау

11.4.5.1 тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар жиынтығымен танысады;
11.4.5.2 тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі;
11.4.5.3 оқу-ойын жағдайында тұтынушылардың құқығын қорғау дадыларын қолданады

4.6 Кәсіпкердің құқығын қорғау, бизнес қолдау институттары

11.4.6.1 кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар кешенімен танысады;
11.4.6.2 кәсіпкерлердің құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі;
11.4.6.3 кәсіпкерлік пен бизнес қолдау институттарын сипаттайды;
11.4.6.4 ШОБ-ты мемлекеттік қолдау түрлерін түсінеді;
11.4.6.5 оқу-ойын жағдайында кәсіпкерлердің құқығын қорғау дадыларын қолданады

4.7 Кәсіпкерлердің жауапкершілігі (экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық)

11.4.7.1 кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық жауапкершілік түрлерін танып біледі

4.8 Мақсаттарды қоя білу

11.4.8.1 мақсатты қоя білудің мәнін түсінеді;
11.4.8.2 мақсатты тиімді қою үшін мақсатты болжау құралын қолданады

4.9 Өзіндік өмір стратегиясы

11.4.9.1 дұрыс мақсат қою арқылы жеке мансап стратегиясын құрады;
11.4.9.2 жеке өмір стратегиясын қорғау кезінде шешендік өнер дағдыларын қолданады

      20. Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Бөлімдер және бөлімшелер бойынша тоқсандықта бөлінген сағаттар саны мұғалімнің қарауы бойынша жіктеледі.





Жалпы орта білім беру
деңгейінің 10-11-сыныптарға
арналған "Кәсіпкерлік пен
бизнес негіздері"
пәнінен жаңартылған
мазмұндағы
Үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет