Сабақтың тақырыбы: Питчинг Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/10
Дата20.12.2023
өлшемі136,7 Kb.
#197869
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қысқамерзімді жоспар11



Қысқамерзімді жоспар
1-сабақ.

Бөлім:

Стартап акселератор

Педагогтің аты-жөні:

Бекмагамбетов Б.М.

Күні:

01.09.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 2 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Питчинг

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.1.1 кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсінеді;
11.1.1.2 оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады.

Сабақтың мақсаты:

Оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.


Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Әдемі сөйлей білетін, шешендік өнерді толық меңгерген адамды кез келген қоғамда құрметтейді. Бұрынғы заманда да осы шеберлікке үйрететін мектептер болған, шешендік шеберлік біртіндеп өнерге айнала бастады. Кез келген жерде (қоғамда, отбасында, достар арасында, мектепте, университетте, қызметте) адамдармен қарым-қатынас құру үшін шешендік шеберліктің маңызы зор. Наполеон: «Шешен сөйлей алмаған адам мансап иесі бола алмайды», — деген екен. «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» деген мәтел де бар. Адамның ақыл-парасаты сөзі арқылы көрінеді. Сондықтан дұрыс сөйлей білу қажет. Қаласақ та, қаламасақ та, сөйлеген кезде біз толық ашыламыз. Психологтар адамдар неден қатты қорқатынын анықтау үшін зерттеу жүргізген екен. Сауалнамаға қатысушылар бірнеше нұсқаның ішінен (өлім, тышқан, биіктік, тар қапас, т.с.с.) нақты неден қорқатынын көрсетуі керек болған. Әрине, көпшілігі өлімнен қорқатынын көрсеткен. Одан кейін көпшіліктің алдына шығып сөйлеуден қорқатындарын білдірген. Бұл қорқыныштың негізінде психологиялық себептер жатыр. Ең бастысы — өзіне деген сенімнің болмауы.

Өзіне сену — табыстың маңызды факторы. Өз күшіне сенімді болу жеткілікті ме? Бұл сұраққа белгілі психолог Брайан Трейсидің 1 формуласы жауап береді. Формуладан көрініп тұрған дай, табысқа жетуге үш фактор: сенімділік, тума таланты және алған білімі әсер етеді (1-суретті қараңыз). Егер адамның таланты мен білімі болғанмен (50-де 50%), өзіне сенімділігі болмаса, мына формула шығады: 0 × (50 + 50) = 0 Сенімділік нөлге тең болса, табыс та сондай болады. Бұл формула күш-жіге рін сарп еткісі келмейтін, жұмысына немқұрайды қа райтын даңғой, даңғаза адам табысқа жете алмайтынын көрсетеді. Күш-жігерін салмаса, соқыр сенімнен де пайда жоқ.

Оқушылар сабаққа қатысу бесенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жгйесі бойынша мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.




1-тапсырма Енді Pillowz.kz питчін басшылыққа алып, жазда ойлап тапқан жобаңызға ұзақтығы 1 минут болатындай Elevator Pitch құрастырып шығыңыз. Питч дайындаған кезде төмендегі ережелерге сүйенуіңізге болады: — әбден дайындалыңыз: біріншіден, ойыңыз бәріне түсінікті болуы үшін; екіншіден, қатысушылардың бәрін көріп тұруыңыз үшін айнаның алдында, достарыңыз бен туған-туыстың алдында жаттығыңыз; — арнаулы терминдерді қолданбаңыз. Туыстарыңыз, достарыңыз не туралы айтқаныңызды түсінбей жатса, мазмұнын өзгерту қажет, өйткені тыңдаушыларыңыз бәрін біле бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда «Неғұрлым оңай болғаны дұрыс» деген қағиданы басшылыққа алыңыз;

— ұзақ түсіндіруден аулақ болыңыз; — өтірік айтпаңыз. Тыңдаушылар өз тарапынан талдауы мүмкін, өтірігіңіз шығып қалса, ұятқа қаласыз; — слайдтағы мәтіндеріңіз қысқа болсын, ұзақ мәтіндерді мүмкіндігінше кесте, суреттермен алмастырыңыз. Слайдтағы ақпарат тым көп болмағаны дұрыс; — питчтен кейін туындайтын сұрақтарға еркін жауап беру үшін нарықтағы жағдай, бәсекелестер туралы жан-жақты ақпарат беріп, талдаңыз.

Оқушылар сабаққа қатысу бесенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жгйесі бойынша мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет