Жалпы орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің



бет7/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7


  • 3D объектілерді құруды;

  • 3D объектілерді құрғанда модификаторларды қолдануды;

  • материалдарды қалыптастыруды және қолдануды;

  • 3D қойылымдарын қалыптастыруды, камералармен және жарықтандырғыштармен жұмыс істеуді;

  • құрылған құрылымдарды визуалдауды;

  • әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды;

  • өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

  • әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;

  • кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

  • рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.

    1. 11- сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

    1. компьютерлік желілер мен Интернет ресурстарының түрлерін;

    1. Интернет технологияларының негізгі ұғымдарын;

    2. ақпаратты тарату мен алмастыру хаттамаларының түрлерін;

    3. FTP-қолжетушілік пен FTP-хаттама ұғымдарын, негізгі функциялары мен HTTP-дан айырмашылығын;

    4. Интернеттегі мекен-жай қағидаларын;

    5. ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;

    6. web-дизайнның негізгі қағидаларын;

    7. web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;

    8. HTML – құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;

    9. өз сайтын Интернетте жариялауға дайындау ретін;

    10. үлкен көлемді ақпараттарды өңдейтін программаларын;

    11. сараптама жүйесі ұғымын;

    12. жасанды зияткерлік жүйе ұғымын;

    13. деректер қорының негізгі ұғымдарын;

    14. деректер қорын құруға арналған программалардың мүмкіндіктерін;

    15. деректер қорын құру, редакциялау және пішіндеу әдістерін;

    16. деректер қорынан ақпаратты іздеу мен таңдап алу тәсілдерін;

    1. оқу жобаларына қойылатын талаптарын;

    2. ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;

    3. үзінді алу көздерінің кітапханалық ережелерін;

    4. «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін.

    1. 11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

    1. қауіпсіздік техниканы сақтауды;

    2. Интернеттің негізгі клиенттерін: электрондық пошта, браузер іске қосуды;

    3. Интернет-сайттарды қарауда орыс қаріптерін қайта қодтауды;

    4. беттің/ сайттың электрондық мекен-жайын беруді және қаралған беттер бойынша ауыса алуды;

    5. FTP-клиентін қолдануды және FTP арқылы файлдарды іздеуді;

    6. жергілікті желіні баптауды;

    7. HTML тілінде қалыптастыру деңгейінде сайттың 3-5-тен кем емес сәйкес элементтерін программалауды;

    8. web-беттің ар жағындағы және web-беттегі фонды өзгертуді;

    9. web-бетке мәтін қоюды және оны пішімдеуді;

    10. web-беттерге арналған графикалық бейне мен анимациялық роликтерді қалыптастыруды және тиімдеуді;

    11. web-бетте әртүрлі кестелерді қалыптастыруды;

    12. web-бетке мультимедиа элементтерін қоюды;

    13. гиперсілтемені баптауды;

    14. өз сайтын даярлауды және оны Интернетте жариялауды;

    15. офистік программа ортасында ақпараттың алуан түрлерін өңдеуді;

    16. іздеу жүйелерімен жұмыс істеуді;

    17. деректер қорын арнайы программаларда құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды, баспалауды;

    18. ақпаратқа түзету жасауды, ақпаратты шаблон бойынша іздеуді, ақпаратты деректер қорында сұрыптауды;

    19. деректер қорлары бойынша есеп берулерді қалыптастыруды;

    20. деректер қорларына сұраныстарды көркемдеуді;

    21. деректер қорлары арасында байланыс орнатуды;

    22. өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

    23. әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;

    24. кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

    25. рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.

    1. Жеке тұлғалық нәтижелер соңында оқушылар көрсетуі тиіс:

    1. алынған ақпаратты талдау және оларды сын көзбен бағалаудың алғашқы дағдыларын;

    2. қазіргі заманауи программалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білуді;

    3. оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділікті;

    4. оқу және тәжірибелік іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілікті және ақпараттық мәдениетті;

    5. салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемдікті және даярлықты;

    6. үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттілікті;

    7. компьютерлік және тұрмыстық техникаға ұқыпты қарауды;

    8. жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.

    1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер соңында оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:

    1. ақпараттық жобаларды, объектілер модельдерін, оның ішінде оқу жұмыстары нәтижелерін көркемдеуді құруды;

    2. объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3-D бейне түрінде құруды;

    3. жоғары деңгейдегі программалау ортасын қолданып жобаларды қалыптастыруды;

    4. объектілер мен үдерістердің дайын модельдерін қолданып компьютерлік тәжірибелер жүргізуді;

    5. өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;

    6. іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеуді;

    7. оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдануды;

    8. ақпаратты сілтеме жүйелері бар мультимедиа объектілері түрінде беру (мысалы, желіде орналастыру үшін);

    9. жеке өз деректер қорын, цифрлық мұрағаттарын, медиаханасын құруды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет