қиылысқан және параллель жазықтықтарды моделдерден табу және оларды суреттерде кескіндеу;
нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу;
суретте екіжақты бұрышты кескіндеу;
түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табу;
нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты, параллель түзулер мен жазықтықтардың, айқас түзулердің арақашықтығын табу үшін метрикалық теоремаларды қолдану;
кесіндінің ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;
координаталары бойынша нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) табу;
кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептерді шешу;
кеңістіктегі вектордың координаталарын табу;
координаталары бойынша вектордың ұзындығын және векторлардың арасындағы бұрышты табу;
векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;
координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;
призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;
дұрыс көпжақтардың түрлерін;
цилиндрдің анықтамасын және оның элементтерін;
конустың, қиық конустың анықтамаларын және олардың элементтерін;
шар мен сфераның анықтамаларын және олардың элементтерін;
сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиеттерін;
цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;
сфераның ауданын табу формуласын;
көпжаққа іштей және сырттай сызылған шар (сфера) ұғымын;
көлемдердің өлшем бірліктерін;
тікбұрышты параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық конустың және шардың көлемдерін табу формулаларын.
11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:
тік және дұрыс призманы, тікбұрышты параллелепипедті, кубты, пирамиданы, дұрыс пирамиданы, цилиндрді, конусты ажырата білу және модельдерде көрсете білу, олардың негізгі элементтерін суретте көрсете білу;
суреттерде призмаларды, пирамидаларды және олардың элементтерін кескіндеу;
суреттерде цилиндрді, конусты және шарды (сфераны) кескіндеу;
есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
кеңістіктік конфигурацияларда сызықтық элементтер мен бұрыштарды есептеу;
геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) табуға арналған есептерді шешу;
планиметриялық және стереометриялық фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;
цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;
сфераның ауданын табу;
шарға іштей және сырттай сызылған призманы және пирамиданы кескіндеу;
мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;
адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;
өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өзінің іс-әрекетіне рефлексивтік талдау жасау қабілеттілігінің болуы тиіс;
геометриялық білім жүйесі мен табиғат туралы түсініктері, белгілеулер және ақпараттық жүйелер негізінде практикалық есептерді шешу қабілеттілігінің болуы тиіс;
математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;
білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасауда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс;
әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым практикалық жағдайларды зерттеу (моделдеу) біліктігі мен дағдыларының болуы тиіс;
ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен көптілділік мәдениетті меңгеруі тиіс;
жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық моделдерді және көрнекілік құралдарды түсіне және пайдалана білуі тиіс;
дедукциялық ойлау әдістерін меңгеруі және оларды адам қызметінің әртүрлі салаларында қолдануы тиіс.
«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы
(жаратылыстану-математикалық бағыт) 1. Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды моделдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.
Геометрияны оқыту көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті математикалық және практикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
логикалық ойлауды одан әрі дамыту;
тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;
тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;
геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;
геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану;
геометриялық шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу үшін туындыны қолдану;
кейбір геометриялық денелердің көлемінің формулаларын шығару үшін интегралды қолдану.
«Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:
геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;
векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру;
стереометриялық аппараттың көмегімен оптикалық құбылыстарды сипаттау;
көпжақтарды оқу барысында қатты заттың кристалдық құрылымын пайдалану;
кеңістіктік фигуралардың өзара орналасуын оқу барысында ғарыштық объектілер мен бүкіл ғаламдық құрылымдардың орналасуын пайдалану.
«География» пәнімен пәнаралық байланыс:
ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;
ендіктер мен мередиандарды сфераның жазықтықпен қималары ретінде түсіндіру;
географиялық объектілердің (таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық сипаттамаларын табу.
«Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:
биологиялық құрылымдардағы симметриялар.
«Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:
атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;
органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриясы;
көпжақтарды оқу барысында әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.
«Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:
дайын сызбалар бойынша есептерді шешу, кеңістіктік денелерді бейнелеу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;
қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;
кеңістіктегі геометриялық жағдайларды бейнелеу үшін графикалық 3D программалар пакеттерін пайдалану.
«Технология» пәнімен пәнаралық байланыс:
сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;
геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;
нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:
геометриялық ұғымдардың пайда болу және даму тарихымен танысу;
қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;
мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;
сөздік қорын математикалық терминдермен байыту;
сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;
дедукциялық ойлауды, талдауды және дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.
«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды;
11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының орта мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.